Бөлімшенің тарихы
Бөлімшенің алғашқы басшысы -кардиолог дәрігер, м.ғ.к., жоғары дәрігерлік санаты бар дәрігер Джумашева Балжан Бахитовна (1998 – 2003 ж.).
2003 жылдан 2008 жылға дейін бөлімшені м.ғ.к., эндокринолог дәрігер Утеулиев Ержан Сабиталиевич басқарды.
Бұдан әрі 2008 жылдан 2020 жылға дейін бөлімшені эндокринолог, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер Раисова Айгуль Муратовна басқарды.
2020-2022 жылдар аралығында бөлімшеге эндокринолог, жоғары дәрігерлік санаты бар, С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ «Медицина» мамандығы бойынша докторанты Ахетова Наталья Петровна меңгерушілік етті.
2022 жылдың тамыз айына дейін бөлімшені гематолог дәрігер, жоғары дәрігерлік санаты бар дәрігер Хан Олег Ромуальдович басқарды.
Гематолог дәрігер (жоғары дәрігерлік санаты), трансфузиолог дәрігер (маман сертификаты) бар. Жалпы өтілі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 29 жыл, емдеу ісі мамандығы бойынша С.Д.Асфендияров ат. Алматы мемлекеттік медициналық университетін бітірген. 20-дан астам ғылыми еңбектері, оның ішінде шетелдік басылымдары, 4 әдістемелік басшылығы бар, 1 патенттің бірлескен авторы. ҚР ДСМ гематологиялық ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттамаларының бірлескен авторы болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
24 жыл жұмыс істеген кезінде бөлімше ҚР ДСМ диагностикалау мен емдеудің заманауи хаттамаларын, сондай-ақ заманауи шетелдік гайдлайндарды пайдалана отырып, кәсіби жағынан дамып отыр.
Штаттық кесте бойынша бөлімшеде 35 төсек (14 эндокринологиялық, 8 гастроэнтерологиялық төсек, 3 гематологиялық төсек, 1 – интервенциялық төсек, 6 – шаруашлық есептегі төсектер) бар.
Бөлімшенің негізгі клиникалық бағыттары
№1 терапия бөлімшесі гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық және гематологиялық бейіндер бойынша пациенттерді диагностикалау және емдеуге маманданған.
Бөлімше:
• бауыр аурулары бар пациенттерді диагностикалау және емдеу (дифференциалдық диагностика, аутоиммундық аурулардың диагностикасы, бауыр циррозының көріністерін түзету және емдеу: ісікті – асцитикалық синдром, бауыр энцефалопатиясы, 1 және 2 типті гепатореналдық синдром, өңештің варикозды кеңейтілген тамырлары (3-4 деңгейдегі ӨВКВ лигирлеуді жүргізу, «қызыл белгі» болған жағдайда –эндоскопия бөлімшесімен бірлеседі), сондай-ақ гиперспленизм синдромы болғанда –интервенциялық хирургпен бірлесіп көкбауыр артериясының парциалды эмболизациясын жүргізу;
• ішектің қабыну аурулары бар пациенттерді диагностикалау және емдеу (ойықжаралы колит, Крон ауруы): дифференциалдық диагностика, сәулелік (КТ энтерография), эндоскопиялық диагностика (гастроскопия, тамырішілік седация кезіндегі колоноскопия, капсулалық эндоскопия), антиденелік диагностика, ішектен тыс көріністердің диагностикасы. Терапия мәселесін шешу және модификациялау: цитостатиктермен, терапия гендік-инженерлік биологиялық препараттармен емдеу;
• 1 және 2 типтегі қант диабетімен ауыратын пациенттерді диагностикалау және емдеу (гликемиялық күйді мониторингілеу: глюкозаны тәуліктік мониторингілеу, аяқ тамырлары, брахиоцефалды тамырлар патологиясының ультрадыбыстық диагностикасы), қант деңгейін төмендететін заманауи жаңа препараттарды пайдалана отырып терапияны өзгерту, помпаларды қондыру және бақылау.
• анемия, тромбоцитопениясы бар науқастарды емдеу және диагностикалау, орфандық аурулары бар пациенттерді емдеу.
• ауыр гастроэнтерологиялық және эндокриндік патологиясы бар жүкті, босанған әйелдерді емдеп қарауды жүзеге асырады.
Бөлімше дәрігерлері:
Хан Олег Ромуальдович, гематолог дәрігер, жоғары дәрігерлік санаты бар.
Ахетова Наталья Петровна, эндокринолог дәрігер, жоғары дәрігерлік санаты бар.
Султанова Балнур Пердекожаевна, эндокринолог дәрігер, бірінші дәрігерлік санаты бар.
Агзамова Зухра Хасановна, гастроэнтеролог дәрігер.