Қабылдау бөлімшесі

Previous Next

Келіп түскен науқастарды тіркеу, қабылдау, алғашқы тексеру, антропометрия, санитарлық-гигиеналық өңдеуге және білікті (шұғыл) көмек көрсетуге арналған маңызды құрылымдық бөлімше.

Байланыс телефондары: 272-72-35, 233-00-86, 279-76-64; 233-00-91. Электр.почта - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Пациенттерді ауруханаға жатқызу ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі) шеңберінде ҚР барлық өңірлерінен жоспарлы түрде және шаруашылық есеп негізінде (өз бетінше қаралған жағдайда) іске асырылады.

ТМККК шеңберінде пациенттер БМСК мамандарының жолдамасы бойынша, Емделуге жатқызу порталы арқылы (электр.адресі - bg.eisz.kz) ММК (мамандандырылған медициналық көмек) немесе ЖТМК (жоғары технологиялық медициналық көмек) алу үшін жатқызылады. Пациенттер келесі бейіндер бойынша: кардиологиялық, кардиохирургиялық, ревматологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық, аллергологиялық, гематологиялық және тамыр хирургиясы бойынша емделуге жатқызылады.

БМСК жоспарлы емделуге жатқызуға жолданған пациенттер өздерімен емделуге жатқызуға жолдамасы мен барлық мед.ұйымдарына почта бойынша жіберілген тізім бойынша емделуге жатқанға дейінгі зерттеулері (клиникалық хаттамаларға сәйкес жыл басында жаңартылады) болуы тиіс.

Пациенттерді қабылдауды кардиолог дәрігерлер жұмыс күндері сағат 08:00 бастап 16:00-ге дейін жүргізеді. Дәрігер пациентті қарап және емделуге жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда) медицина персоналы барлық қажетті медициналық құжаттарды ресімдейді және пациентті бейінді бөлімшеге жатқызады. Пациенттердің толық тексерілмеген және (немесе) емдеуге жатқызу кезінде қарсы көрсетілімдердің (жіті хирургиялық патология, ОНМК, инфекциялық аурулар және т.б.) анықталған жағдайында пациенттерге емдеуге жатқызудан бас тартылуы мүмкін.

Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі

Зав приемн покоем Абилдаева М 2

 

Абилдаева Меруерт Кайырбековна

Бейіні: кардиология, функционалдық диагностика

Еңбек өтілі: 2007 жылдан бастап

Білімі:

2005 – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., емдеу факультеті, емдеу ісі мамандығы

2006 - С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, интернатура, кардиология

Біліктілікті арттыру (қайта даярлау):

2007 - АМДБЖИ, «Жедел және шұғыл медициналық көмек» біліктілігін арттыру

2013 - АМДБЖИ, «Кардиология», «Ересектер және балалар кардиологиясы, оның ішінде интервенциялық кардиология» мамандықтары бойынша қайта даярлау

2018 - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, кардиология бойынша біліктілікті арттыру, «Кардиология және кардиохирургиядағы инновациялық технологиялар»

2018 - АМДБЖИ, «Функционалдық диагностика» медициналық мамандығы бойынша қайта даярлау, функционалдық диагностика дәрігері

2019 - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, «Кардиологиядағы диагностика мен емдеудің заманауи әдістері» біліктілігін арттыру

2021 - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, «BLS, ACLS, PALS халықаралық стандарттары бойынша шұғыл көмек көрсету» біліктілігін арттыру

2022 - ҚРМУ, «Функционалдық диагностика», «Эхокардиография, жалғастырушыларға арналған курс» біліктілігін арттыру

2023 – ҚДСЖМ, «Кардиологиядағы ультрадыбыстық диагностика» біліктілігін арттыру.

Жұмыс тәжірибесі:

2007 – Алматы қалалық кардиологиялық орталық, қабылдау бөлімшесінің кардиолог дәрігері

2013-2020 жж. - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, қабылдау бөлімшесінің кардиолог дәрігері

2020-2022 - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі

2022 – «Asia Med Clinic» МО, кардиолог дәрігер, функционалдық диагностика дәрігері

2023 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі.

ЖҚА бар науқастарға кеңес береді. «Емдеуге жатқызу бюросы» порталымен жұмыс істеуге жауапты. Тексеріп-қарауды, анамнез жинауды, пациенттерді диагностикалауды, тіркеуді жүргізеді, сырқатнама ресімдейді, алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зертханалық және аспаптық зерттеулерді, емдеу тактикасын тағайындайды.

Байланысу ақпараты

Т.А.Ә. ЛАУАЗЫМЫ ТЕЛЕФОН (ЖҰМЫС)

Абилдаева Меруерт Кайырбековна – бөлімше меңгерушісі

Эюбова Дилара Байрамовна - екінші санатты кардиолог дәрігер,

Эдил Алибек Сабыртанұлы – терапевт дәрігер.