Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесі

Previous Next

БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

Бөлімшеде эндоскопиялық зерттеулердің барлық түрлерінен өтуге болады, бұл: эзофагогастродуоденоскопия – өңеш, асқазан, ұлтабарды қарау; колоноскопия – тоқ ішекті тексеру; бронхоскопия – кеңірдек пен бронхыларды тексеру және капсулалық эндоскопия – аш ішекті қарау.

Қазіргі заманғы технологиялар: Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит кезінде биопсиямен ішектерді зерттеу, полиптерді алып тастау, өңештің варикозды тамырларын лигерлеу, арықтау үшін көктамыр ішіне баллон және стеноздар кезінде стенттер орнату.

Асқазан және тоқ ішектің скринингтік, профилактикалық зерттеулері жүргізіледі.

Эндоскопия жергілікті анестезиямен және наркозбен жасалады. Бұл ағзалардың қабырғалары мен шырышты қабаттарын толық кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Эндоскопияның көмегімен емдік шаралар да жүргізіледі: биопсия, санация және трахеостомды қалпына келтіру және қайта орнату, кеңірдек интубациясы. Полиптер, бөгде заттар алынып тасталады, ойықжаралар емделеді. Ісіктердің болған жағдайында стент орнатылады, баксебуге қақырық алынады.

Эзофагогастродуоденоскоптың көмегімен өңеш, асқазан және ұлтабар зерттеледі. Эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС) асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерін мейлінше нақты және қауіпсіз зерттейді.

Егер Сізді асқазан, іштің жоғарғы бөлігінде және кеуде артында ауыру сезімдері, қыжыл, жұтынудың бұзылыстары, ас қорыту, анемияның, гиповитаминоздың болуы, салмақ жетіспеушілігі мазалайтын болса сіз эзофагиттерден, өңеш стеноздары, гастрит, дуоденит, ойықжаралар, полиптерден зардап шегесіз, ЭГДС-тен өтуіңіз керек.

Зерттеудің бұл түрі ісікке күдік туындаған кезде, бауыр, ұйқы безі, өт жолдары диагностикасында, жаралар, эрозияларды эндоскопиялық емдеу, эрозия, өңеш стенттерін, салмақ жоғалтуға арналған асқазан баллондарын орнату мен алып тастау және ішперде қуысы мүшелеріне операция жасалар алдында тексеру кезінде көрсетілген.

Колоноскопия - тоқ ішекті қару және бронхоскопия – кеңірдек пен бронхтарды қарау секілді зерттеулерді жасауға болады.

Колоноскопия мынадай жағдайда талап етіледі:

- тоқ ішек ауруына сезіктену,

- үлкен дәреттің бұзылуы, спецификалық емес ойықжаралы колит, Крон ауруында және тоқ ішек ісігіне қатысты жасалған операциядан кейін бақылау;

- тоқ ішек полиптерін алып тастау.

Кеңірдеу пен бронхты мұрын немесе ауыз арқылы эндоскопты енгізу арқылы бронхоскоптың көмегімен зерттей аласыз.

Бронхоскопия жасау трахеит, бронхит, пневмония, бронх демікпесі, қан түкіру, кеңірдек стеноздарын емдеу, ісіктерді диагностикалау және биопсия алу кезінде көрсетіледі.

2014 жылдан бері институтта Қазақстанда тұңғыш рет бейнекапсулалы эндоскопия жүргізілді, осы бірегей зерттеуді жүргізуде тәжірибе жиналды.

Бейнекапсулалы эндоскопия – бұл гастро және колоноскопияның дәстүрлі әдістері үшін қолжетімсіз болатын жіңішке ішектің аумағын көруге мүмкіндік береді. Зерттеудің ерекшелігі жіңішке ішекті бүкіл бойында қарауға мүмкіндік беретіндігінде. Пациент ыңғайсыздықты сезінбейді, зерттеу жүргізу үшін наркоздың қажеті жоқ. Процедура еш ауыртпай жасалады. Бейнекапсула бір реттік, бұл пациенттің жұқтыру мүмкіндігін болдырмайды. Зерттеуді амбулаториялық жағдайда да, аурухана жағдайында да жүргізуге болады.

Қазіргі заманғы капсулалар жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған, көрінетін сурет бейнесінің сапасы айтарлықтай жақсарды.

Асқазан-ішек жолдарын емшараға дайындағаннан кейін, зерттеу күні пациенттің беліне жазып отыратын қондырғы орнатылады. Пациент капсуланы әдеттегі таблетка секілді жұтады. Капсула табиғи жолмен асқазан-ішек жолдары бойынша жүреді, қондырылған камера түсіріп отырады, барлық ақпарат жазып отыратын қондырғыға тапсырылады. Әдетте алынған жазбаның ұзақтығы 14-15 сағатты құрайды. Эндоскопист дәрігер алынған деректерге талдау жүргізеді және қорытынды жасайды. Біраз уақыт өткеннен кейін капсула ағзадан табиғи жолмен шығарылады.

Зерттеудің осы әдісі темір жетіспеушілік анемиясы, жіңішке ішектен қан кету, жасырын қанға нәжісті оң талдауда, жіңішке ішектің қабыну ауруларында, оның ішінде Крон ауруы мен жіңішке ішек ісігіне күдік туындағанда, тұқым қуалайтын полипоз синдромдары бар науқастарға, шығу тегі белгісіз іштің ауыруы және белгісіз этиологияның тез салмақ жоғалуы кезінде көрсетіледі. Бейнекапсула жіңішке ішекті өте мұқият зерттейді.

Капсулалы эндоскопия жіңішке ішекті диагностикалаудағы «алтын стандарт» болып табылады.

Сонымен қатар эндоскопиялық диагностикасының келесідей әдістері жүргізіледі:

Эндоскопиялық мукозрезекция.

Морфологиялық және цитологиялық зерттеулерге материал жинауға биопсия жүргізу.

Хеликобактериозға (HP-инфекция) экспресс-диагностикалау жүргізу.

Бөлімше меңгерушісі

Фото Хабижанова 4 1

Хабижанова Алма Сериковна

 жоғары санатты эндоскопист дәрігер

 Жұмыс өтілі: 1998 жылдан бастап

 Білімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университеті, емдеу ісі,1992-1998 жж.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, клиникалық ординатура, 2002 – 2004 жж.

Білім жетілдіру:

2013 ж. - Ресей, Мәскеу-Қазан, Г.Н. Габричевский ат. ФБУН МНИИЭМ     «Эндоскопиялық манипуляциялардың эпидемиологиялық қауіпсіздігі»,

2013 ж. - Ресей, Нижний Новгород, Ресей ДСМ ГБОУ ВПО НижГМА, «Бейнекапсулалы эндосокпия»,

2015 ж. – Оңтүстік Корей, GangNeung Asan Hospital,  Gastroenterology and Gastrointestinal Endoscopy,

2018 ж. - Israel, Hifa, Sheba Medical Center, PiilCam Capsule Endoscopy Hands-on Training

Практикалық дағдылары:

- Нысаналы биопсиямен гастроскопия

- Нысаналы биопсиямен колоноскопия

- Өңештің варикозды тамырларын байлау

- Полипэктомия

- Бейне капсула эндоскопиясы

- Эндоскопиялық гемостаз.