Кардиология және реабилитация бөлімшесі

Previous Next

Кардиологиялық реабилитацияның міндеті – хирургиялық араласудан кейін (АКШ, клапандық патология), сондай-ақ жедел миокард инфарктісінен кейін ағзаның жай-күйін бақылау және тұрақтандыру, жүргізілген араласудан кейін физикалық белсендендіру және психологиялық бейімдеу.

Пациенттің стационарда болатын ең аз уақыты — 5-10 күн, нақты мерзімі операциядан кейінгі асқынуларға байланысты жеке анықталады.

Осы уақытта пациент келесідей медициналық көмек алады:

- Дәрі-дәрмекпен емдеу – ауырсыну белгілерін, жүрек бұлшықетіндегі жүктемені және шунттарда қан ұйығыштарының пайда болуын бақылау.

- Дене қимылының белсенділігін қалпына келтіру – төсекте қалай дұрыс бұрылып аунауға болатындығын,  қай уақытта отыруға, төсектен тұруға және жүруге болатындығын үйрету. Операциядан кейінгі бірінші күннен бастап дене қимылының белсенділігіне көңіл аудармайтын болса, асқынудың даму қаупі артатын болатындығын білу қажет.

- Араласудан кейінгі психологиялық бейімделу. Статистиканың мәліметтері бойынша пациенттердің 60% - ы дәрігерлердің тұрақты бақылауынсыз қалудан қорқатындығын көрсетті. Көптеген пациенттер операцияға дейінгі кез келген кішкентай жүктеменің ауыртатындығын ұмыта алмай, жүрек шыдай алмауы мүмкін деп есептейді.

Оңалтудың стационарлық кезеңі аяқталғаннан кейін пациентке өмір сүру салты, дәрі-дәрмектік терапия және асқынулардың профилактикасы бойынша толық ұсынымдар беріледі.

 

Бөлімше меңгерушісі

Abildayeva

Абилдаева Инкар Жексенгазиевна

Жұмыс өтілі: 2017 жылдан бастап

 Білімі және біліктілігі:

2008-2013 – «Жалпы медицина» бакалавриаты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы

2013-2015 – «Жалпы медицина», «Терапия» интернатурасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

2015-2017 – «Кардиология» ординатурасы, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу.

Жұмыс тәжірибесі:

2017 жылдың қазан - желтоқсан аралығында - терапевт дәрігер, №15 қалалық емхана, Алматы

2018-2021 жж. - кардиолог дәрігер, кардиореабилитолог, Қалалық кардиология орталығы, Алматы

2021 жылғы мамырдан қарашаға дейін - Фтизиопульмонология орталығының стационар меңгерушісі, Алматы

2021 жылғы қарашадан наурызға дейін - кардиолог дәрігер, Қалалық кардиология орталығы, Алматы.                                                                                  

Білімді, білікті дәрігер, ақпаратты тез меңгереді, пациенттермен тіл табыса алады. Ол қарапайымдылық, әдептілік сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Медицинаның әр саласынан білімді меңгерген, пациентке психотерапиялық талдау жасау қабілеті бар. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының диагностикалық әдістерін, диагностикалау және емдеу мәселелерін терең зерделеген. Әр түрлі терапиялық және кардиологиялық патологиялары бар науқастарды емдеуге арналған жаңа препараттар мен ұсынымдарды меңгерген.

Бөлімшеде екі кардиолог дәрігер, 6 мейіргер жұмыс істейді. 

Бөлімшеде жоғары білікті мейіргерлер жұмыс істейді, және олардың 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар.