Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

Previous Next

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 9 дәрігер және 16 мейіргер жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің 87%-да біліктілік санаты бар.

Бөлімшеде жоспарлы кардиохирургиялық операциялар (жасанды қанайналым жағдайында және жұмыс істейтін жүректе аортокоронарлық шунттау, маммокоронарлық шунттау; жасанды қанайналым және кардиоплегия жағдайында митральды қақпақшаны, аорталық қақпақшаны, трикуспидті қақпақшаны протездеу және пластика жасау кезінде, жасанды қанайналым, кардиоплегия, циркуляторлық қамау және гипотермия жағдайларында аорта доғасының (қатпарлануының) патологиясымен жасалатын операциялар) және эндоваскулярлық операциялар, сондай-ақ диагностикалық емшаралар (гастро-колоноскопиялар, жүрек қуыстарын зондтау және т .б.) жүргізу кезінде анестезиологиялық құралдардың барлық түрлері қолданылады

Барлық бейінді бөлімшелердің пациенттеріне талап етуі бойынша оңалту көмегі көрсетіледі.

Операциядан кейінгі пациенттерге және терапиялық бөлімшелердің декомпенсацияланған пациенттеріне қарқынды терапия жүргізіледі.

Бөлімше толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті, заманауи жабдықтармен (тәулік бойы-пациенттердің кеңейтілген мониторинг жүйесі), реанимациялық іс-шаралар мен қарқынды терапия жүргізуге арналған барлық аппаратурамен жабдықталған.

Бөлімше меңгерушісі

Кунапьянов Данияр Бакытжанович

С.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған.

Еңбек жолын Атырау қалалық ауруханасы – кардиологиялық орталығында бастады, одан кейін Атырау облыстық кардиологиялық орталығында анестезиолог-реаниматолог дәрігері ретінде жұмыс істеді.

«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ кардиореанимация бөлімшесінде анестезиолог-реаниматолог, кардиореанимация бөлімшесінің аға дәрігері болып жұмыс істеді. Нұр-Сұлтан қ. №2 қалалық көп бейінді ауруханасының КБҚТ бөлімшесінде анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді.

2021 жылдан «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ АРҚТБ анестезиолог-реаниматолог, ал 2022 жылдан – АРҚТ бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеп келеді.

Наградалары: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.

 

Бөлімшенің жұмыс телефоны: 267-68-36.