Жасанды қанайналым зертханасы мен операциялық блогы бар кардиохирургия бөлімшесі

Previous Next

Еліміздің кардиохирургтарының ең тәжірибелі командаларының бірі Қазақстанның барлық өңірлерінен және жақын шетелдерден келген пациенттерге көмек көрсетеді.

Хирургтар жүрек қақпақшаларының ақаулары, кеуде қолқасының аневризмасы, жүректің ишемиялық ауруы және ЖИА асқынған ағымында, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, Марфан синдромы және басқа да сирек кездесетін күйлерде кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлерін жасайды.

Көп жылғы жиналған тәжірибе операция жасауға келмейді деп есептелген қайталанған кардиохирургиялық күрделі операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Бұл операциялардың табыс көрсеткіштері елімізде орташадан жоғары.

Қызметкерлер ең жаңа хирургиялық әдістерді меңгерген, оның ішінде шағын инвазивті хирургияны, жасанды қан айналымынсыз шунттауды қоса отырып, ең жаңа жабдықтармен және құрылғылармен жұмыс істейді.

Бізде:

- түрлі этиологиядағы жүректің қақпақшалық кемістігін хирургиялық түзету (хирургиялық емдеудің екі мүмкін болатын әдістерін: қайта құру және протездеуді қолдана отырып);

- жүректің жүре пайда болған кемістіктері (ЖЖК);

- ашық кардиохирургиялық араласулар кезінде жүрекше фибрилляциясын хирургиялық емдеу (бөлімше мамандары осындай операциялар жасаудың еліміздегі ең мол тәжірибесін меңгерген);

- лабиринт процедурасы – бұл жүрекке жасалатын операция, ол жыбырлақ аритмияны емдейді.

Мамандар криоабляцияны (мұздату) немесе радиожиілікті энергиямен абляция жасауды қолданады.

Кокса-лабиринт IV процедурасын жүргізеді, ол жыбырлақ аритмия хирургиясының алтын стандарты болып табылатын лабиринттің бастапқы лабиринт процедурасының ең соңғы нұсқасы. Бұл емшараны стернотомия әдісі (сол және оң жақ қабырға тоғысқан жерде төстің тік қимасы) және торакоспиялық әдіс (қабырға аралық қима) арқылы жасайды.

- қолқа тамырын ауыстыру бойынша операциялар;

- обструктивті кардиомиопатияны хирургиялық емдеу (Қазақстанда миоктомияның кеңейтілген операциясын жасайтын жалғыз бөлімше. Осы ауруды емдеудің «алтын стандарты» болып табылатын хирургиялық миоэктомияның көлемі бойынша елімізде көшбасшы болып табылады.

- перикардтың патологиялық өзгеруін түзету;

- жүрек ісіктерін хирургиялық емдеу;

- жүректің қақпақшалы кемістіктерінің аз инвазивті хирургиясы;

- жүректің ишемиялық ауруын хирургиялық емдеу: жасанды қанайналымсыз АКШ, шағын инвазивті АКШ, гибридті процедура және т.б. емделеді.

Бөлімше меңгерушісі

Тулеутаев Рустем Мухтарович

м.ғ.к., МВА денсаулық сақтау магистрі.

2006 жылы Новосибирск мемлекеттік медициналық университетін үздік аяқтады. Кейіннен 2007 жылы Новосибирск облыстық ауруханасының госпитальдық хирургия кафедрасында жалпы хирургия бойынша клиникалық интернатурадан өтті.

2009 жылы академик Е.Н.Мешалкин ат. қанайналым патологиясы ҒЗИ жүрек-тамыр хирургиясы бойынша клиникалық ординатураны аяқтады.

2013 жылы «Гипертрофиялық кардиомиопатияны хиругиялық емдеу» диссертация тақырыбы бойынша Италияда University Milano-Bicocca кардиохирургия бойынша магистратураны және Бергамо қ. Италиядағы ірі госпитальдың базасында атақты әлемдік кардиохирург Кирклин ат. халықаралық жүрек мектебінің (International heart school, Kirklin) практикалық бөлігін аяқтады.

2016 жылы академик Е.Н.Мешалкин ат. қанайналым патологиясы ҒЗИ медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, ал 2019 жылы – денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша МВА магистрі дәрежесін қорғады.

Практикалық қызметін 2009 жылы Новосибирск қ. академик Е.Н.Мешалкин ат. қанайналым патологиясы ҒЗИ (Ресей) кардиохирург дәрігер қызметінен бастады, осы ұйымда 2015 жылға дейін жұмыс істеді.

2012 жылдан 2013 жылға дейін – Бергамо қ. Италияның ірі клиникасы Papa Giovanni XXIII кардиохирург лауазымында қызмет атқарды. 2015 жылы А.Н.Сызғанов ат. ұлттық хирургия орталығына кардиохирургия және жүрек трансплантациясы бөлімшесінің меңгерушісі ретінде шақырылды. А.Н.Сызғанов ат. ҰХО жұмыс істеген кезеңінде аз инвазивті шунттау, жүрек қақпақшаларына пластика жасау және ауыстыру, торакоскопиялық және гибридті операциялар, және т.б. жүрекке жасалатын көптеген жаңа операцияларды енгізді.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургиялық қызметінің басшысы, жасанды қанайналым зертханасы мен операциялық блогы бар кардиохиругия бөлімшесінің меңгерушісі.

Рустем Мухтарович Қазақстан және Орталық Азияда кеудені кеспей жүрекке аз инвазивті жасалатын операциялардың негізін қалаушылардың бірі. Қолқа түбіріне, жүрек қақпақшасына, гипертрофиялық кардиомиопатияға жасалатын операциялардың өз модификацияларын жасауға патенттері бар.

Ғылыми қызметі

• «V-Chordal adjustable System for Chordal replacement in Mitral Valve Insufficiency due to degenerative mitral leaflet prolapse, Single arm, multi-center, prospective study, First-in-Man Safety and Feasibility Study / ITALY – ISRAEL – RUSSIA» (2010 – 2011) халықаралық зерттеу үйлестірушісі.

• «Гипертрофиялық кардиомиопатия, хирургиялық емдеу» тақырыбы бойынша магистр диссертациясы, Milano– Bicocca университеті, Милан, Италия.

• «Мезенхимальды дисплазиясы бар науқастарда артқы қақпақшаның пролапсы кезінде митральды қақпақшаның реконструктивті хирургиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация. «Акад. Е.Мешалкин ат. СФБМЗО» ФМБҰ, Новосибирск қ., Ресей.

•«ҚДЖМ университетіндегі MBA денсаулық сақтау ұйымы», Алматы, Қазақстан.

50-ден астам ғылыми, оның ішінде шетел журналдарындағы басылымдардың авторы, ұлттық және халықаралық конгрестердегі баяндамалар, ұлттық және халықаралық конгрестер секциясының спикері және модераторы.

Қызметінің бағыты

• Митральды қақпақшаны және трикуспидальды қақпақшаны протездеу және қайта жаңарту.

• Қолқа қақпақшасын протездеу және пластика жасау.

• Жүректің көп қақпақшалы кемістігіндегі операциялар (протездеу мен пластиканың үйлесімі)

• Қақпақшалы патологияның үйлесімінде жүрек ырғағының бұзылуын хирургиялық емдеу (операция Maze III)

• Бейнеэндоскопияның көмегімен қолқа қақпақшасы, митраль және трикуспидальды қақпақшаларға аз инвазивті операция жасау.

• Жұмыс істеп тұрған жүрекке қолқакоронарлық шунттау жасау.

• Шағын инвазивті коронарлық шунттау (MIDCAB).

• Гипертрофиялық кардиомиопатияны хирургиялық емдеу (Морроу операциясы).

• Қолқа мен доғаның өрлемелі бөліміндегі операциялар (David, Bentall de Bono, Yacoub операциялары).

• Жүректің туа біткен кемістіктерін аз инвазивті емдеу (жүрекшеаралық қалқаның, қарыншааралық қалқаның ақауына пластика жасау).

• Жүректің туа біткен кемістігінің түрлі нысандарын хирургиялық емдеу.

• Жүрек ісіктерін шағын инвазивті және ашық алып тастау.

• Перикардиттердің түрлі нысандарын хирургиялық емдеу.

• Жүрекше фибрилляциясы кезіндегі торакоскопиялық радиожиілікті аблация.

• Жүрекшеаралық және қарыншаралық қалқаның ақауын окклюдермен гибридті жабу.

• Ашық жүрекке криоаблация жасау.

Қазақ (ана тілі), орыс (еркін), ағылшын (upper-intermediate), итальян тілдерін (B1) меңгерген.

Марапаттары мен алғысы

- «Қазақстан Республикасының Денсаулық ісінің үздігі» «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін».

- Медициналық көмекті дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты.

- А.Н.Сызғанов ат. ұлттық хирургиялық орталығының 2016 жылдың үздік дәрігері, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ 2020 жылдың үздік дәрігері.

Команда:

Жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, MD Тулеутаев Рустем Мухтарович, +77024943929. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кардиохирург дәрігер, жоғары санатты дәрігер, MD Нурбай Жанар Нурбаевна, докторант PhD, +77018008296. Zhanar256gmail.com

Кардиохирург дәрігер, жоғары санатты дәрігер, MD Султанов Галымжан Берикович, +77016570775

Кардиохирург дәрігер, екінші санатты дәрігер Музаев Владимир Русланович, +77476297862. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Перфузиолог дәрігер Баграмов Акан Рахметоллаевич, +77023506845. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кардиолог дәрігер Нағиматуллаева Әйгерім Талғатқызы, +77079496974. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кардиолог дәрігер Амрекулова Акмарал Куандыковна, 8 708 174 4302, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.