Бөлімшеде жүрек қызметінің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге тері астындағы кардиовертер-дефибрилляторды, электрокардиостимуляторды, сол жақ жүрекше құлағының окклюдерін имплантациялау бойынша операциялық араласулар, жүрек-ресинхрондаушы терапия (CRT-D), жүрек ырғағының әртүрлі бұзылуларының радиожиілікті аблациясы, оның ішінде жүрекше фибрилляциясы, криоаблация және т. б. жүргізіледі.
2022 жылы рентгенэндоваскулярлық операциялық блокты жаңғырту шеңберінде жүрек аритмиясын емдеу мәселелерінде "алтын стандарт" деп танылған CARTO 3 V7 Prime бірегей үш өлшемді жүрекішілік навигация жүйесі орнатылды. Бұл жүйе жүрек ырғағының күрделі бұзылулары бар науқастарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы CARTO 3 V7 Prime үш өлшемді жүрекішілік навигация жүйесі Алматы қ. тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ғана орнатылғандығын айта кету керек.
Бөлімше меңгерушісі
Ахыт Багдат Абдыкадырович
интервенциялық кардиолог/аритмолог, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау магистрі
Шымкент қ. ОҚММА 2010 жылы аяқтады. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ 2013 жылы резидентураны, ал 2021 жылы С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ докторантураны аяқтады.
Бөлімше дәрігерлері:
Ахыт Багдат Абдыкадырович - бөлімше меңгерушісі
Паримбеков Асылхан Буркитбаевич - аритмолог дәрігер
Абдумомунов Артур Каныбекович - аритмолог дәрігер
Наурышев Азамат Кабирович - аритмолог дәрігер
Ерекеева Мария Степановна - кардиолог/аритмолог
Дехканова Шахноза Тургуновна - кардиолог/аритмолог
Бөлімше телефоны: 8 (727) 233-00-36