Құрметті сайтты пайдаланушылар!
ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» сайтына қош келдіңіздер!
Біздің клиника кардиология, кардиохирургия және терапия саласында медициналық көмек көрсетудің толық циклы бар көп бейінді стационар. Бұл - амбулаторлық көмек, күндізгі стационар, консервативтік терапия және кардиохирургия.
Бізде ересектерге кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері, рентгенэндоваскулярлық араласулар жүргізіледі, интервенциялық аритмология кеңінен қолданылады.
2021 жылы біз JCI халықаралық аккредиттеуден өттік, клиникаға Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді, сондай-ақ резидентура, қосымша медициналық білім беру, анестезиология және реаниматология, кардиология және эндокринология, соның ішінде балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы, кардиологиясы және эндокринологиясы бойынша білім беру бағдарламалары аккредиттелді.
2024 жылы КІАҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті.
Медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және пациенттердің сенімін арттыру - біздің ұжым үшін ең маңызды міндеттер. Біз өз қызметімізде пациенттерді ең алдыңғы орынға қоямыз. Пациенттердің үйлеріне сау және бақытты оралуы үшін бар күшімізді саламыз.
Құрметпен, Басқарма төрағасы, м.ғ.к. Марат Пашимов