Клиникаға емдеуге жатқызу

Пациенттерді емдеуге жатқызу жоспарлы түрде, ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі), МӘМС шеңберінде және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен ақылы негізінде (өздерінің жүгінуі бойынша) жүзеге асырылады.

ТМККК және МӘМС шеңберінде пациенттер МСАК мамандарының жолдамасы бойынша, Емдеуге жатқызу бюросы порталы (электр.мекенжайы - bg.eisz.kz) арқылы, ММК (мамандандырылған медициналық көмек) немесе ЖТМҚ (жоғары технологиялық медициналық қызметтер) алу үшін емдеуге жатқызылады. Пациенттер кардиологиялық, кардиохирургиялық, ревматологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық, аллергологиялық, гематологиялық және қан тамырлары хирургиясы бейіндері бойынша ауруханаға жатқызылады.

МСАК жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберген пациенттер өзімен бірге электрондық пошта арқылы барлық медициналық ұйымдарға жіберілген Тізбе бойынша (клиникалық хаттамаларға сәйкес жыл басында жаңартылады) емдеуге жатқызуға және емдеуге дейінгі зерттеулерге жолдамасы болуы тиіс.

Пациенттерді жұмыс күндері сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін қабылдау бөлімінің дәрігерлері қабылдайды. Пациенттерді дәрігердің тексеріп-қарауынан және ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда), медициналық персонал барлық қажетті медициналық құжаттарды ресімдейді және пациентті бейінді бөлімшеге емдеуге жатқызады. Пациенттер толық тексеруден өтпеген кезде және (немесе) ауруханаға жатқызу кезінде қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда (жіті хирургиялық патология, МҚЖБ, жұқпалы аурулар және т.б.) пациенттерге ауруханаға жатқызудан бас тартылуы мүмкін.

 

Байланыс ақпараты: 279-76-64