Команданың күші – оның әрбір жеке мүшесінде. Ұжымдағы әрбір жеке мүшенің күші - командада

 

Даньярова Лаура Бахытжановна, ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің басшысы, м.ғ.к. MD PhD, эндокринология кафедрасының меңгерушісі

Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын туған ЖОО-да эндокринология кафедрасының ассистенті ретінде бастады.

Лаура Бахытжановна – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ докторанты.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі - 28 жыл, Жалпы клиникалық еңбек өтілі-30 жыл. 30-дан астам, оның ішінде 5 шетелдік басылымдарда жарияланған мақаланың авторы.

Қазақстанның эндокринолог-дәрігерлер қауымдастығының, ТМД елдерінің қант диабеті мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің және қант диабетін зерттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың мүшесі.

 

 

 

Кошумбаева Кульзида Мукиевна – м.ғ.к., кардиология кафедрасының доценті

Кульзида Мукиевна – жоғары санатты кардиолог. 1992 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де жұмыс істейді.

Ол КСРО МҒА БКҒО А.Мясников ат. Кардиология институты жанында клиникалық ординатурада және аспирантурада оқыды, және де медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Бірқатар халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жауапты орындаушысы болды. Еуропалық кардиологтар қоғамының, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының (EHRA) мүшесі, ҚР Кардиологтар қауымдастығы Президиумының және Қазақ аритмологтар қоғамының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Колесников Алексей Евгеньевич, рентгенэндоваскулярлық операциялық блок меңгерушісі

Колесников Алексей - С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ түлегі. Қазақстан медицина университетінде интернатураны бітірген. Акад. Е. Мешалкин ат. Новосібір қан айналымы патологиясы ҒЗИ-да мамандандырудан өтті. Қазақстан-Ресей медициналық университетінде, АМДБЖИ, Жапонияның Нагасак медициналық университетінде тағылымдамадан өтті.

2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап рентгенэндоваскулярлық блоктың меңгерушісі.

Алексей Колесников - республиканың жетекші интервенциялық кардиологтарының бірі. Оның жүрек тамырларының созылмалы окклюзиясы, сол жақ коронарлық артерия діңін стенттеу, бифуркациялық зақымданулар, қолқа-коронарлық операциядан өткен, жүрек тамырларының күрделі операциялары сияқты коронарлық арнаның күрделі зақымдануларында жүрек тамырларына стенттеу жүргізуде мол тәжірибесі бар. Соңғы жылдары TAVI жоғары технологиялық операциясын дамытудың көшбасшы маманы

Алексей Евгеньевич қарапайымдылық пен табандылық сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол өз білімін іс жүзінде шебер қолдана біледі.

Суретте рентгеногендоваскулярлық операциялық блок

Жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесі

Ахыт Багдат Абдыкадырович - бөлімше меңгерушісі, интервенциялық кардиолог/аритмолог, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау магистрі.

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ резидентураны бітірді және осы жерде жұмысын жалғастыруда, сонымен қатар С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ докторантураны бітірген.

Бөлімшеде жүрек қызметінің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге тері астындағы кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы, электрокардиостимулятор, сол жақ жүрекше окклюдері, жүректі ресинхрондаушы терапия (CRT-D), жүрек ырғағының әртүрлі бұзылуларының радиожиілік аблациясы, соның ішінде жүрекше фибрилляциясы, криоабляция және т. б. ауруларға хирургиялық операциялар жүргізіледі.

Бөлімшеде операция жасатқан және емделіп жатқан пациенттер бөлімшенің барлық дәрігерлері мен мейіргерлерінің және де дәрігер Бағдат Ахыттың жұмысын ерекше бағалап, өмірлеріне араша болған ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жаудырып отырады.

Суретте жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесі. 

Исхакбаева Гузель Пархатовна, Консультациялық-диагностикалық орталықтың меңгерушісі

2011 жылы С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірген және ҚРМУ интернатураны аяқтады, сол жерде алғашқы маманданудан өтіп, Астана қаласындағы ҰҒКО және Оқу-клиникалық орталығында, Новосибирск қаласында акад. Е. Мешалкин ат.ҰМЗО базасында біліктілігін арттырды.

Еңбек жолын 2012 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да бастады. 2013 жылдан бастап әдіскер дәрігер, кардиохирургия бөлімшесінде кардиолог дәрігер лауазымдарын атқарды.

Гузель Пархатовна басқаратын КДО-да консультациялық қабылдау жүргізіледі, қажет болған жағдайда пациенттер кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология және гастроэнтерология бейіндері бойынша ауруханаға емдеуге жатқызуға жолданады.

 

Суретте Консультациялық - диагностикалық орталық

 

Куттыбаева Багдат Сансызбаевна, күндізгі стационар меңгерушісі

Жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

Жалпы жұмыс өтілі 22 жыл, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 19 жыл. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

Багдат Сансызбаевнаның 10-нан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде шетелдік басылымдарда жарияланған еңбектері бар.

Соңғы екі жыл ішінде Багдат Сансызбаевна бастаған күндізгі стационарда амбулаториялық жағдайда диагностикалық коронароангиография жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша пациенттерге жүрек тамырларын стенттеу және шунттау операцияларын жасау ұсынылады.

Суретте Күндізгі стационар

 

Батырбаева Арай Жанатовна, Республикалық аллергология орталығының басшысы

Бірінші біліктілік санаты бар аллерголог-иммунолог дәрігер.

С. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медициналық университетін бітірген. АМДБЖИ резидентурада оқыды. Жұмыс өтілі 11 жыл.

Ресей аллергология және клиникалық иммунология академиясының мүшесі. Әлемнің жетекші клиникаларының бірі болып табылатын Израиль Шиба клиникасында біліктілігін арттырған.

Арай Жанатовна басқаратын РАО-да тағамдық, дәрі-дәрмектік, респираторлық, кәсіби аллергендермен in vitro/in vitro заманауи ауқымды аллергологиялық диагностика жүргізіледі. 300-ден астам аллергендер мен аллергиялық компоненттерді бірден тексеруге мүмкіндік беретін микрочип түріндегі кешенді аллерготест енгізілген.

Суретте Республикалық аллергология орталығы.

Қунапьянов Данияр Бакытжанович, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі

С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ бітірген.

Еңбек жолын Атырау қалалық кардиология орталығында хирург дәрігер болып бастады, содан кейін Атырау облыстық кардиология орталығында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істеді.

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиологиялық реанимация бөлімшесінде анестезиолог-реаниматолог, бөлімшенің аға дәрігері, Астана қаласындағы №2 Қалалық көпсалалы аурухананың қарқынды терапия бөлімшесінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да АРжҚТ бөлімшесінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер, 2022 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі болып жұмыс істейді.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

На фото анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

 

Конысбекова Акжан Умиралиевна, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын үздік бітірген. И. М. Сеченов ат. Мәскеу медициналық академиясында кардиология бойынша клиникалық ординатурада оқыды. АМДБЖИ ішкі аурулар кафедрасында білімін жетілдірген.

Астана және Алматы қалаларының медициналық мекемелерінде функционалдық диагностика дәрігері болып жұмыс істеген. Жүрек (трансторакальды эходоплеркардиография, стресс-, өңеш арқылы эхокардиография, үш өлшемді кескіндер) және қан тамырларының ультрадыбыстық бейнелеу әдістерін, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды аспаптық диагностикалаудың заманауи әдістерін, оның ішінде велоэргометрдегі, тредмилдегі жүктеме сынамаларын, ЭКГ және қан қысымының тәуліктік мониторинг бағдарламасының деректерін зерттеу әдістерін меңгерген.

Суретте функционалдық және ультрадыбысьық диагностика бөлімшесі

 

 

КОМАНДА ЖҰМЫСЫНДА МЕЙРІПКЕРЛЕР НЕГІЗГІ РӨЛ ОЙНАЙДЫ

Керимкулова Гульнар Чапаевна, №1 терапия бөлімшесінің аға мейіргері

«Мен Алматы қалалық медициналық колледжіне оқуға түстім және осы мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін. Маған адамдарға көмек көрсету ұнайды», - дейді Гүлнар Чапаевна.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Гүлнар Чапаевна 28 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Медициналық колледжді бітіргеннен кейін ол еңбек жолын Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылындағы учаскелік аурухананың балалар бөлімшесінің мейіргері болып бастаған. 1994 жылы Алматы қаласына Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жұмыс істеуге келді, сол уақыттан бері осында үздіксіз еңбегін жалғастыруда.

Шыдамдылық пен сабырлық, жанашырлық – бұл оған күн сайын өз жұмысын кәсіби дәрежеде және жауапкершілікпен орындауға ықпал ететін қасиеттер. Гүлнар Чапаевна жұмысқа деген қабілетімен, сабырлығымен және тындырымды жұмысымен ерекшеленеді.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ол бірнеше рет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және клиниканың Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Суретте Гүлнар Чапаевна бөлімше мейіргерлерімен бірге.

 

 Кабулова Камшат Пархадовна, қабылдау бөлімшесінің аға мейіргері

Біреуге жанашырлықпен қарау қасиеті Камшатқа күнделікті өз жұмысын кәсіби және адал орындауға көмектеседі.

Камшат Институтта 13 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2020 жылы Қамшат жылдың үздік маманы атанды.

Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тлеулинова Айгерим, рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың аға мейіргері (декреттік демалыста)

Мейіргерлерді мейірімді дейді. Айгерим Тлеулинова – солардың бірі! Ұжымда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Ол рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың аға мейіргері.

Оны пациенттер жақсы көреді, әріптестері бағалайды. Айгерим кардиологиялық науқастарды, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен және өкпе гипертензиясымен зардап шегетін науқастарды бақылау дағдыларын шебер меңгерген.

Суретте Айгерим әріптестерімен бірге.

 

 

Шахмурат Ярмахамет, рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың операциялық мейіргері

Ұжымда мейірбикелермен қатар мейіргер ерлер де жұмыс істейтіні қуантады. Солардың бірі: Шахмурат Ярмахамет. Шахмурат – рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың операциялық мейіргері.

Ол жақсы жұмыс көрсеткіштері үшін 2020 жылы клиниканың үздік маманы атанды.

Шахмурат жұмысын өте жақсы көретін мамандар қатарынан, ол өмірін медицинамен байланыстырғанына қуанышты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарбаева Ұлмекен Сүлейменовна - № 2 терапия бөлімшесінің палаталық мейіргері.

Ұлмекен Сарбаева - № 2 терапия бөлімшесінің палаталық мейіргері. Ол еңбек жолын 33 жыл бұрын Алматы қаласындағы медициналық колледжді бітіргеннен кейін бастаған. Еңбек кітапшасында тек бір ұйым көрсетілген – бұл Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ.

Ұлмекен Сүлейменовна – жас мейіргерлердің тәжірибелі тәлімгері. Ол өзінің көпжылдық тәжірибесімен жас мамандармен бөлісіп отырады. Ұлмекен Сүлейменовна өзінің қарапайымдылық, жауапкершілік, ұқыптылық және мейірімділік сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.

«Ұжым-менің екінші отбасым!»,- дейді Ұлмекен Сүлейменовна

Суретте Ұлмекен Сүлейменовна әріптестерімен бірге.