Институтта:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтер;
- ақылы медициналық қызметтер;
- міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтер көрсетіледі.
Біздің мекемеде диагноз қою, емдеу тактикасын анықтау және емдеуге жатқызу, инвазиялық емес емдеу әдістері мен операция жасау туралы мәселені шешуге көмек көрсету арқылы 16 мамандық бойынша ересектерге консультациялық, амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ, зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және диагностиканың басқа да түрлері жүргізіледі.
Институттың Консультациялық-диагностикалық орталығы (КДО) Қазақстанның өңірлерінен келген тұрғындарға ұлттық және халықаралық стандарт деңгейінде медициналық көмек көрсету үшін заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен жабдықталған.
Сіз кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология салалары бойынша кешенді тексеруден тез және сапалы өте аласыз. Қабылдауды медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, клиникалық тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігерлер жүргізеді. Консультациялық-диагностикалық орталықта Сіз өзіңіздің патологияңызға сәйкес зерттеулер жүргізуге жазыла аласыз, содан кейін маманның кеңесін алып, емдеу тактикасын анықтайсыз.
Байланысу:
Тіркеу бөлімі: 8-727-2 33 00 61, 8-727- 267 68 34, 8 776 368 8899
Телефон арқылы қабылдауға және тексеруге жазылу: 267-68-34, 2 33-00-61
Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімі:
+7 (727) 267-68-60
Аллергология орталығы: +7 (727) 233 00-90, 309 08-99