Аортокоронарлы шунттау жүректің ишемиялық ауруын емдеудегі шаралардың бөлігі болып табылады.
«Операциядан кейін салауатты өмір салтын ұстану және барлық тағайындалған дәрі-дәрмектерді қабылдауды жалғастыру маңызды. Бұл болашақта жүрек проблемаларының пайда болу қаупін азайтады. Ол үшін аортокоронарлы шунттаудан кейін өмір сүру салтын өзгерту керек», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер Гүлнара Оспанова.
Ең алдымен – дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтанбау операциядан кейін жүрек проблемаларының даму мүмкіндігін арттыруы ықтимал. Бұл қауіпті азайту үшін күнделікті ас үлесінде қаныққан май мен тұздың аз болуын, жасұнық пен омега-3 (холестеринді төмендетуге көмектесетін май қышқылдары) көп болуын қамтамасыз ету керек. Ет қосылған бәліштер, шұжықтар, майлы ет, еріген сары май, шошқа майы, тәтті тоқаштар және кремді печенье сияқты тағамдардан аулақ болу керек. Оның орнына: дәнді нан, макарон, жемістер, көкөністер және балық (скумбрия, сардина, ақсерке) жеу керек. Сонымен қатар, тағамға қосылатын тұз мөлшерін азайтыңыз.
Операцияның салдарынан толық айыққаннан кейін, әрі қарай жүрек проблемаларының даму қаупін азайту үшін тұрақты түрде спортпен айналысу керек. Ересектер аптасына кемінде 150 мин. (2 сағ. 30 мин.) орташа қарқындылықтағы аэробикамен айналысуы қажет. Орташа қарқындылықтағы аэробикалық жаттығулар - тыныс алуды аздап ұстап тұру үшін жеткілікті күш салуды қажет етеді, сонымен қатар аздап жылдам жүру, велосипедпен жүру, жұптасқан теннис және жаяу серуендеу сияқты жаттығулар.
Егер аптасына физикалық белсенділікке 150 мин. уақыт бөлу қиын болса, онда өзіңізге жайлы деңгейден бастаған жөн (мысалы, шамамен 10 мин. күніне жеңіл жаттығулар). Физикалық кұшіңіз жақсара бастағанда жаттығулардың ұзақтығы мен қарқындылығын біртіндеп арттырыңыз.
Егер артық салмақ немесе семіздік болса, дұрыс салмаққа жетуге тырысу арқылы жүректің алдағы проблемаларының қаупін азайтуға болады. Дене салмағын азайту керек пе, жоқ па, соны білу үшін ДМИ дұрыс салмақ калькуляторын пайдалануға болады. Артық салмақтан арылудың ең жақсы тәсілі - дұрыс тамақтану және тұрақты спортпен айналысу.
Шылым шегу жүрек проблемаларының даму қаупін едәуір арттыруы мүмкін, өйткені ол артерияларды тарылтады және қан қысымын жоғарылатады. Егер шылым шегуді тастағыңыз келсе, емдеуші дәрігеріңіз темекіні тастағаннан кейін пайда болуы мүмкін тоқтату белгілерін басқаруға көмектесетін дәрі тағайындауы керек.
Егер алкогольді ішімдік ішсеңіз, ұсынылған мөлшерден аспаңыз: ерлер мен әйелдерге аптасына 14 порциядан артық ішпеуге кеңес беріледі. Алкогольдің бір бірлігі - шамамен жарты пинт жеңіл, қалыпты күшті сыра немесе 25 мл спирттік сусын. Кішкене стакан шарапта (125 мл) шамамен 1,5 бірлік алкоголь бар. Алкогольді үнемі ұсынылған мөлшерден артық тұтыну қан қысымы мен холестерин деңгейін жоғарылатып, жүрек проблемаларының қаупін арттырады.
Гүлнара Ермаханқызының айтуынша, аспириннің, клопидогрелдің, варфариннің төмен дозаларын қамтитын антикоагулянттар мен антиагреганттар қан ұйығыштарының пайда болу қаупін азайтады. Аортокоронарлы шунттаудан кейін Сізге бірнеше ай немесе болашақта қабылдау үшін осы дәрі-дәрмектердің бірі тағайындалуы мүмкін. Егер Сізге операциядан кейін олардың біреуі тағайындалса, оны қабылдау маңызды, себебі бұл препараттар миокард инфарктісі сияқты күрделі мәселелердің қаупін азайтуы мүмкін.
«Қандағы холестерин деңгейін төмендету үшін статиндер қолданылады. Олар коронарлық артериялардың одан әрі зақымдануын болдырмауға және миокард инфарктісінің пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі. Статиндерге аторвастатин, розувастатин кіреді. Әдетте, статиндермен өмір бойы емдеу ұсынылады. Аортокоронарлы шунттауды жасаудың нақты себебіне байланысты, бета-блокаторлар және ангиотензин түрлендіретін фермент ингибиторлары сияқты басқа да дәрі-дәрмектер тағайындалуы мүмкін», - деп атап өтті бөлімшенің ординатор дәрігері Раушан Мырзашева.