Эльнара Ахмедовна Ахмедова – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультативтік-диагностикалық орталығының эндокринолог дәрігері
Егер ауыздың құрғауы, шөлдеу, жиі зәр шығару, салмақ жоғалту, әлсіздік, ұзақ уақыт емделмейтін жаралар, терінің қышуы, терінің жиі іріңді зақымдануы сияқты белгілер мазаласа, онда эндокринологқа жүгіну керек.
Егер Сізге қант диабеті диагнозы қойылса, онда №9 белгіленген диетаны ұстану, дәрігер тағайындаған қантты төмендететін дәрілерді қабылдау керек, қандағы қантты, гликирленген гемоглобинді бақылап тұру қажет.
Қант диабеті кезінде №9 диетаны ұстану қажет.
№9 диета қант диабетінің 1-ші және 2-ші типтері бар адамдарға тағайындалады.
Шектеулі түрде пайдалануға болады:
- картоп- аптасына 1-2 рет қайнатып жеуге ұсынылады, мүмкіндігінше бас тартқан жөн;
- тұтас дәнді макарон өнімдері - нанның күнделікті мөлшерінен бас тартуды ескере отырып, сирек жеуге болады;
- қызылша мен сәбіз - салаттарға шикі түрде кіре алады (инсулин терапиясындағы науқастар қайнатпалы түрде).
Аталған өнімдерді мезгілімен қолдануға болады, дәрігермен кеңескен жөн, өйткені әр пациент үшін диета жеке түзетілуі мүмкін.
Ас үлесіне енгізуге ұсынылатын тағамдар:
- Күніне тәтті және қышқыл жемістер (1-2 дана) және жидектер (1 уыс).
- Грейпфрут, апельсин, жасыл алма және т.б. (күніне 1-2 дана).
- Көкөністер.
- Қияр, кәді, баклажан, салат бұрышы, асқабақ, самсар, балдыркөк.
- Кебек, ақуыз, қара бидай наны.
- Майсыз балық пен теңіз өнімдерін қайнату, пісіру немесе буға пісіру ұсынылады.
- Майсыз ет: бұзау, тауық және күркетауық, сиыр еті.
- Қайнатылған жұмыртқа.
- Майы аз сүт өнімдері: сүзбе, ашытылған сүт сусындары, қатты ірімшіктер (тұздалмаған және майы аз).
- Шектеумен жарма мен бұршақ дақылдары.
- Көкөніс шырындары, қантсыз компоттар мен жеміс сусындары, шай, кофе.
Қант диабетінің күрделі асқынулары болмаған жағдайда күніне кемінде 10 000 қадам жүру, физикалық белсенділікпен айналысуға болады.