18 сәуірде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-на Орталық Азия аймағының бас менеджері Александр Дуан бастаған Шэньчжэнь қаласында (Гуандун провинциясы, Қытай) орналасқан Mindray компаниясының өкілдері келді.
Қонақтар клиниканың сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, эндоскопия бөлімшелерінде, рентгенэндоваскулярлық оперблокта және клиникалық-диагностикалық зертханада болды.
Басқарма төрағасы Марат Пашимов еліміздің жетекші дәрігерлері: профессорлар, дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары мен магистрлері консультация жүргізетін, диагностика жасайтын, ауыр пациенттер емделетін төртінші деңгейдегі клиника болып табылатын ҒЗИ қызметімен таныстырды.
Ол институтта әлемдік стандарттарға сай заманауи жабдықтар орнатылғанын атап өтті. Бұл толық кардиопакет және 3d визуализациясы бар премиум КТ аппараты. Мұндай бірегей соңғы буын аппаратында зерттеу Алматы қаласында тек КІАҒЗИ-да жүргізіледі; жетілдірілген эхокардиография және қан тамырларын зерттеу мүмкіндігі бар диагностикалық жаңа буын ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі.
Пациенттерді диагностикалау үшін «Phadia 250» автоматты ИХЛ-анализаторы қолданылады. ImmunoCAP технологиясы көптеген жылдар бойы дәл және сезімтал болып танылған. Оның көмегімен әлемде аллергиялық аурулардың таралуы зерттеледі.
2023 жылы ҒЗИ-да ішектің қабыну аурулары кезінде бір баллондық ассистирленген энтероскопия және тоқ ішек стриктураларының баллондық дилатациясы сияқты жаңа технологиялар енгізілді.
Өз кезегінде Александр Дуан Mindray компаниясының 1991 жылы құрылғанын айтты. Ол медициналық жабдықтар мен реактивтерді: ультрадыбыстық аппараттар мен датчиктерді, эндоскопиялық жүйелерді, өкпені жасанды демалдыру және ЭКГ аппараттарын, дефибрилляторларды, пациенттің мониторларын, анестезиялық-тыныс алу аппараттарын, инфузиялық сорғыларды және т. б. медицина жабдықтарының өндіруші болып табылады.
Тараптар ғылым, медициналық техника саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытты. Бүгінгі таңда қолданылатын медициналық жабдықтың сапасы маңызды рөл атқарады.