КІАҒЗИ базасында еліміздегі алғашқы мамандандырылған орталықтар ұйымдастырылды

КІАҒЗИ базасында еліміздегі алғашқы мамандандырылған орталықтар ұйымдастырылды

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында үйлестіру және мамандандырылған орталықтар ұйымдастырылды:

         Орфандық патология орталығы;

         Қант диабеті және метаболизм орталығы, соның ішінде диабеттік табан кабинеті;

         Артериялық гипертония және липидология орталығы;        

         Ішектің қабыну аурулары, қысқа ішек синдромы және нутритивтік қолдау орталығы.

         Пациенттерді қабылдау МӘМС, ТМККК шеңберінде және ақылы негізде жүргізіледі.

         Институтта жұмыс істейтін еліміздің жетекші мамандары мен тәжірибелі сарапшылардың зор әлеуеті, жақсы материалдық-техникалық база ғылыми қызметті одан әрі дамытуға, халыққа медициналық көмектің тиімділігін, сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

         Орфандық патология орталығы орфандық аурулары бар ересек пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті үйлестіреді; сараптамалық қызметті жүзеге асырады, мамандардың мультидисциплинарлық тобы бекітілген нозологиялар шеңберінде консультациялық көмек көрсетеді; орфандық аурулар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамалық кеңесімен орфандық аурулары бар пациенттерді бақылау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Орталыққа муковисцидоз, бастапқы өкпе гипертензиясы, өкпенің интерстициальды аурулары, Фабри және Гоше аурулары, қысқа ішек синдромы сияқты сирек кездесетін аурулар, тағы 7 нозология бекітілген.

         Қант диабеті және метаболизм орталығының жұмысы қант диабеті мен оның асқынуларының әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастарға мамандандырылған көмек көрсетуге, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарын анықтауға, медициналық кадрларды даярлауға және оқытуға бағытталған. Диабеттік табан кабинеті ҚР қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, олардың өмір сүру сапасын арттыру, мүгедектікті азайту және аяқ-қол ампутациясының алдын алу мақсатында құрылған. Кабинет мамандары диагностиканың заманауи әдістерін қолданады; диабеттік табанның әртүрлі кезеңдері үшін кешенді емдеу алгоритмдері енгізілді; операциядан кейін пациенттерді оңалту бағдарламалары енгізілуде; медицина қызметкерлері диагностика мен емдеудің заманауи әдістеріне оқытылды, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігіне, асқыну жағдайларына және жүргізілген емдеуге мониторинг жүргізілуде.

         Артериялық гипертензия орталығының (AГ) мақсаты мен миссиясы: AГ пациенттерін бақылаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу арқылы аурудың ауыртпалығын және басқа асқынуларды азайту. Көрсетілетін қызметтер: АГ бар пациенттерді ұзақ мерзімді бақылау және оқыту. Сараптама орталығының базасында ерекше клиникалық жағдайлар қарастырылады: резистентті және псевдорезистентті АГ, жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі кезеңдегі гипертензиялық жағдайлардың дифференциалды диагностикасы, емдеу және ұзақ мерзімді бақылау, сондай-ақ гипертонияның қайталама түрлері, пациенттерді басқа мамандармен бірлесіп жүргізу. Жүрек-қан тамырлары қаупі жоғары және өте жоғары пациенттерді ұзақ мерзімді бақылаудың кешенді бағдарламалары енгізілуде.

         Липидология орталығында күрделі науқастарға назар аударылады. Мұнда липидтер алмасуы бұзылған және атеросклерозы бар науқастарды заманауи бақылау принциптері енгізілуде. Отбасылық дислипидемияның дифференциалды диагностикасы жүргізіледі, тығыздығы төмен липопротеиндердің нысаналы деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда жеке терапия таңдалады: липидтер алмасуы бұзылған пациенттердің тіркелімін енгізу, ҒЗИ, қалалық, республикалық деңгейлерінде пациентті бағыттау жоспарын әзірлеу, амбулаториялық және стационарлық буын дәрігерлерін дислипидемия менеджментінің қазіргі заманғы ережелеріне оқыту жоспарларында.

         Ішектің қабыну аурулары және қысқа ішек синдромы орталығы пәнаралық топтың өзара іс – қимылы кезінде асқазан-ішек жолдарының ауруларын, оның ішінде ішектен тыс көріністер мен нутритивтік бұзылуларды ерте диагностикалауды және емдеуді жүзеге асырады; орталық мамандары өңірлердің дәрігерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді, денсаулық сақтау мамандары үшін тұрақты білім беру және ғылыми-практикалық іс-шараларын өткізеді.