Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ - терапевтік бейіндегі пациенттер көмек алатын еліміздегі жетекші орталықтардың бірі.
Гастроэнтерология және ревматология салаларының жетекші мамандары Джамиля Қайбуллаева мен Ольга Машкунованың жетекшілігімен көп жылдар бойы КІАҒЗИ-да республиканың барлық өңірлерінің аутоиммунды патологияға шалдыққан пациенттері үшін гендік-инженерлік (биологиялық) терапияны қолдана отырып, инновациялық және заманауи емдеу әдістері енгізілуде.
Бұл терапия стандартты емдеу дұрыс әсер етпейтін, ауруды бақылауға, ремиссияға қол жеткізуге, аутоиммунды ауруларына шалдыққан науқастардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға мүмкіндік беретін жағдайларда қолданылады.
Сонымен қатар, гендік-инженерлік терапия асқазан-ішек жолдары, эндокриндік жүйе, жүрек-қан тамырлары патологиясы және дене сүйегі массасының жоғалуын тудыратын гормондарды ұзақ уақыт қолдану аясында көпжылдық стероидтерге тәуелділікті болдырмауға ықпал етеді. Гендік-инженерлік биологиялық препараттармен емдеу аясында жас пациенттер репродуктивті функциясын сақтайды және сау ұрпақты дүниеге әкеледі.
Алматы қаласының, облыстың және ҚР өңірлерінің пациенттері ауруды тоқтататын терапияға қол жеткізді. Ішектің қабыну аурулары, ревматоидты артрит, анкилозды спондилит, дәнекер тінінің жүйелік ауруларына шалдыққан емделушілер тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен МӘМС шеңберінде биологиялық препараттарды тегін алады. Гендік - инженерлік биологиялық препараттарды тексеру хаттамасына сәйкес жұқпалы және басқа соматикалық ауруларға мұқият тексеруден кейін тек гастроэнтеролог және ревматолог мамандар тағайындайды және оларды 6 айда 1 рет жүйелі түрде тексеруден өткізеді.
Бұл терапияның сәттілігінің негізгі факторы пациенттерді гендік-инженерлік биологиялық терапияны қолдануда жеткілікті біліктілігі мен тәжірибесі бар дәрігерлер басқару керектігін атап өткен жөн, өйткені терапияны дұрыс тағайындамаған, препараттың қауіпсіздігін бақыламаған және тағайындалған режимдерді сақтамаған жағдайда пациенттерде аллергиялық реакциялардың дамуы және жағдайдың нашарлау қаупі артады.
КІАҒЗИ-да сапалы терапиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін сарапшылар тобы жұмыс істейді.