Су тасқынынан зардап шекпеген өңірлерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. 12 сәуірде өткен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Президент бұл бір реттік науқан емес екенін, Қазақстанды көгалдандыру және аумақты тазарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру керектігін атап өтті.
Бұл акцияға облыстар, Денсаулық сақтау министрлігі және көптеген ұйымдар қосылды. Алматыда республикалық акция «Алматы – ортақ үйіміз» жалпықалалық кампания аясында өтуде.
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының бірінші басшысы Марат Пашимов бастаған ұжым ұйымдастырған түрде санитарлық тазалық пен абаттандыру бойынша сенбілікке шықты.
Іс-шараға институттың барлық қызметкерлері белсенді қатысты. Қысқы кезеңнен кейін институттың бүкіл аумағы, сонымен қатар іргелес аумағы да тазартылды.
Сенбілік ұжымды біріктіріп, командалық рух бергені сөзсіз. Әрбір қызметкер өзі тұрып жатқан және еңбек ететін қаланың көркеюіне аз да болса үлес қосты.