Бүгін Алматы қаласында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бастамасымен дискуссиялық клуб шеңберінде И.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің Дәрігерлерге жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру факультетінің Профилактикалық және шұғыл кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Денис Андреевтің (Ресей) қатысуымен шеберлік класы өткізілді.
Шеберлік класс барысында «Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттердегі инсульт пен тамыр эмболиясы профилактикасының практикалық аспектілері», «Созылмалы жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек-қантамыр қаупін қалай азайтуға болады» тақырыптары талқыланды.
Институттың жетекші ғылыми қызметкері, кардиология кафедрасының доценті Кульзида Кошумбаева айып өткендей, жүрек-қантамыр аурулары жылына шамамен 17 млн.өлімнің себебі болады, бұл барлық өлім жағдайларының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Олардың ішінде жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық аурулар жетекші орында. Олардың үлесіне ЖҚА болатын барлық өлімнің шамамен 85%-ы тиеді. Соңғы 15 жылда осы аурулар дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда болатын өлімнің жетекші себебі болып отыр.
Шеберлік класс шеңберінде практикалық денсаулық сақтау мамандары: Алматы қ. және оңтүстік аймақтардың медициналық ұйымдарының кардиологтары, терапевтері және жалпы практика дәрігерлері клиникалық зерттеулердің жаңа жетістіктері мен нәтижелері, жүрекше фибрилляция және мультифокальдық атеросклерозы бар пациенттерді емдеудің бағдарламалары туралы ақпарат алды.
Дискуссиялық клубқа қатысушылар ресейлік және қазақстандық жетекші ғалымдармен бірлесіп, жүрекше фибрилляциясы және артериялардың мультифокальдық атеросклеротикалық зақымдануы бар коморбидті пациенттерді емдеп қарауды оңтайландыру бойынша күрделі клиникалық жағдайларды талдады. Осы санаттағы науқастардың өмір сүру болжамын жақсартуға мүмкіндік беретін терапияның жаңа тәсілдері ұсынылды. Қатысқан дәрігерлер пікірталасқа қатысып, өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алды. Осындай шеберлік кластарды өткізу, біздің ойымызша, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, республикада алдыңғы қатарды медициналық техникалар мен инновацияларды дамытуға және қолдануға мүмкіндік береді.