Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының дәрігерлері көрсеткен қызметтердің жалпы саны 2023 жылы 3% - ға өсті, халыққа мамандандырылған аллергологиялық көмектің қолжетімділігін көрсетіп отыр.
Алматы қаласы мен өңірлердің тұрғындарына диагностикалық көмек көлемін ұлғайту арқылы 56 086 клиникалық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Жалпы, 2023 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде РАО мамандары 13 585 консультация өткізді.
Қазір бүкіл әлемде аллергиялық аурулармен, оның ішінде аурудың ауыр түрлерімен ауыратын науқастардың артуы байқалады.
Аллергияны емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі - нақты диагноз қою, ағзаның аллергендерге жоғары сезімталдығын анықтау. Аурудың болжамы мен пациентті емдеу тактикасы науқастың қанындағы аллергенге иммуноглобулиндердің жалпы деңгейін анықтаудың нақтылығы мен дәлдігіне байланысты. Сондықтан толық сенуге болатын диагностикалық жүйенің болуы маңызды.
Айта кету керек, КІАҒЗИ пациенттерді диагностикалау үшін «Phadia 250» автоматты ИХЛ-анализаторын пайдаланады. ImmunoCAP технологиясы көптеген жылдар бойы ең дәл және сезімтал деп танылған. Оның көмегімен әлемде аллергиялық аурулардың таралуы зерттеледі.
РАО келесі қызмет түрлерін ұсынады :
Аллерголог, пульмонолог, ЛОР дәрігерінің консультациясы
Аллергендердің 23-тен астам түріне тері сынақтарын жүргізу
In vitro аллергодиагностикасы - аллергендердің 300-ден астам түріне сезімталдығын анықтау
Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу
Заманауи ЛОР комбайнында зерттеулер мен манипуляциялар жүргізу.
Консультациялық-диагностикалық қызметтер Әйтеке би көшесі, 120 үй және Пятницкий көшесі, 52 (тұрғын үйдің 1 қабаты) мекен-жайларда көрсетіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 8-727-233 00 90 (Әйтеке би к-сі, 120) және 8-727-309 08 99 (Пятницкий к-сі, 52) телефондары арқылы орталықтың тіркеу бөліміне хабарласуға болады.