Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші консультант-пульмонологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сауле Лаиковна Касенова туралы айтамыз.
Ежелгі грек дәрігері Гиппократ, дәрігер өзінің мінезі бойынша ақылды, мейірімді және адамгершілігі мол адам болуы керек, деген екен. Бұл қасиеттердің барлығы да Сауле Лаиковнаға тән. Ол кісі – өте сауатты, білікті маман.
Әріптестері мен пациенттер оны кәсіби шеберлігі, жауаптылығы, мейірімділігі мен қолдауы үшін құрметтейді. Сауле Лаиковна жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында халық денсаулығын сақтау мен ел медицинасын дамытуға зор үлесін қосуда.
Ол денсаулық сақтау жүйесінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Алматы мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Жақын және алыс шетелдердің көптеген орталықтары мен клиникаларында (Кембридж – Ұлыбритания, Израиль, Австрия, Ресей, Украина) тағылымдамадан өтіп, білімін шыңдаған.
2010 жылдан бастап профессор Касенова Швейцарияның Цюрих қаласындағы Университет клиникасының визитинг ғалымы және клиницист маманы болып табылады.
Ол пневмония, ӨСОА, бронх демікпесі, өкпенің интерстициальды аурулары сияқты аурулармен қатар идиопатиялық өкпе фиброзы және муковисцидоз сияқты сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастарға кеңес беріп, нәтижелі ем жүргізеді.