Жүрек тоқтаусыз соғып, денемізді оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Бірақ жүрек қызметі бұзылғанда не болады?
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Гүлнар Оспанованың айтуынша, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттер тамақтануына ерекше назар аударуы тиіс.
Жүрек үшін тамақтануды қалай пайдалы етуге болады.
- Тұзды тұтынуды күніне 1,5-2 граммға дейін шектеңіз. Тұздалған және консервіленген тағамдар, ірімшіктер, шұжықтар және басқа да натрийі жоғары тағамдардан аулақ болыңыз.
- Рационға көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдарын қосыңыз. Жасұнық (клетчатка) холестерин деңгейін бақылауға көмектеседі және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады.
- Қаныққан майлар мен транс майларды тұтынуды шектеңіз. құрамында май, кілегей, шошқа майы, ысталған ет және майлы ет сияқты көптеген жануарлар майлары бар тағамдарды көп тұтынбаңыз. Оның орнына өсімдік майларын, балық, жаңғақтар және дәндерді тұтынған абзал.
- Омега-3 май қышқылдарын тұтыну қабынуды азайтуға көмектеседі және жүрек қызметін жақсартады. Рационға балықты қосыңыз: қызыл балық, майшабақ немесе теңіз балығын (треска), сондай-ақ жаңғақтар мен зығыр дәні.
- Құрамында алкоголь және кофеин бар сусындарды шамадан тыс тұтынудан аулақ болыңыз, өйткені олар жүрек қызметінің жеткіліксіздігі белгілерін үдетуі мүмкін.
- Науқастың жағдайына байланысты дәрігер сұйықтықты тұтынуды шектеуді немесе көбейтуді ұсынуы мүмкін. Денедегі сұйықтықтың тепе-теңдігін сақтау үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
- Дұрыс салмақты сақтаңыз және дәрігердің салмақты бақылау жөніндегі нұсқауларын орындаңыз. Артық салмақ жүрек қызметі жеткіліксіздігінің белгілерін нашарлатуы мүмкін.
Сіздің жеке қажеттіліктеріңізге және денсаулық жағдайыңызға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін әрқашан дәрігермен диета мен тамақтану жоспары туралы кеңесі.