Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ № 2 терапия бөлімінің меңгерушісі, ревматолог дәрігер Майса Калыкова ұзақ уақыт бойы дене қызуы көтеріліп, дене қызуы кезінде денеде эритематозды бөртпе және буындарда ісіну пайда болған науқас туралы айтты. Ол диагнозын анықтау үшін ұзақ уақыт бойы әртүрлі дәрігерлерге барған.
«Ол ақпарат көздерінен өзі ақпарат іздей бастайды және КІАҒЗИ жетекші консультант ревматолог, профессор О.В. Машкунованың мақаласына тап болады, оны зерделей келе, ол өзінен Стилл ауруының барлық белгілерін табады. Профессорға консультацияға келіп, диагнозы расталады. Содан бері науқас біздің институттың ревматологтарының бақылауында», - дейді дәрігер.
Стилл ауруы - табиғаты белгісіз сирек кездесетін көп жүйелі ауру, ол мына клиникалық және зертханалық белгілерден көрінеді:
- басты белгілері: жоғары дене қызуы, эритематозды бөртпе, буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну, серонегативті артрит, лейкоцитоз, СОЭ жоғарылауы.
- жиі кездесетін белгілері: жұтқыншақта ауырсыну, лимфаденопатия, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, экссудативті плеврит, анемия; ақуыз алмасуының бұзылуы.
- сирек кездесетін белгілері: миокардит, интерстициальды пневмония, перитонит, тромбоцитоз.
- өте сирек кездесетін белгілері: гломерулонефрит, энцефалит.
Стилл синдромы көбінесе 18-35 жас аралығындағы адамдарда кездеседі, бірақ 70 жастан асқан адамдарда да ауыру жағдайлары болған. Аурудың жиілігі салыстырмалы түрде сирек, әйелдерде жиірек кездеседі. Этиологиясы толық анықталмаған.
Бірінші клиникалық симптом - бұл қызба, көбінесе қалтырау және терлеумен қатар жүреді, содан кейін осы аурудың басқа көріністері байқалады. Дене температурасының жоғарылауы ұзақ уақыт бойы диагностика жасауда қиындық тудыратын басым симптом болады.
Қызба ұзақ уақыт бойы сақталады және стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен, антибиотиктермен және тіпті глюкокортикоидтармен де емделмейді. Аурудың басында пациенттердің шамамен 70% - ы үнемі күйіп-жанып ауырсынып тұрған тамақ ауруына шағымданады. Стилл ауруының ерекше тері симптомы - бөртпе. Бөртпенің өзіне тән түсі, оның кейде басылуы және қышу, құрғақтық және басқа белгілердің болмауынан, бөртпе байқалмай қалады. Кейбір жағдайларда Стилл синдромында атипті клиникалық белгілер анықталады: петехия, алопеция.
Буындар да зақымданады. Артрит жедел дамиды. Науқастардың үштен бірінде ауру кез-келген сатысында асқынып, созылмалы ауруға ұласуы мүмкін, сүйек деструкциясы және анкилоз дамиды. Көру органдары тарапынан патологиялық өзгерістер болуы мүмкін.
Стилл ауруын емдеуде негізгі қабынуға қарсы препараттар қолданылады, олар патологияның дамуының алғашқы 3 айында тағайындалады. Гендік-инженерлік терапияны да қолдануға болады.
Аурудың басталғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, толық жазылуға болады, дегенмен кейде буындарда патологиялық өзгерістер қалады. Пациенттердің көпшілігінде буын қозғалысының шектелуі, тірек-қимыл жүйесінің деформациясы, бүйректің зақымдануы, бактериялық инфекциялар, бауыр, тыныс алу және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, өкпе обыры сияқты асқынулар дамиды.