Заманауи диагностиканың деңгейі жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының көпшілігін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді


Жүрек-қан тамырларының аурулары адамдарда аурудың, қолайсыз нәтижелердің, мүгедектіктің әлемде ең көп таралған себебі болып табылады. Жыл сайын адамзат Шанхай, Токио, Дели сияқты ірі мегаполистерге тең әр түрлі жастағы 20 миллионға дейін адамды жүрек ауруларынан жоғалтады.



Қазақстанда әрбір 33-ші тұрғында қан айналым жүйесі ауруларының симптомдары, әрбір 12-ші тұрғында жоғары қан қысымының клиникалық симптомдары бар, 19 миллионнан 1,5 млн адам артериялық гипертония бойынша есепте тұр, жүректің ишемиялық ауруы және гипертонияның үлесіне қан айналымы жүйесінің барлық бұзылыстарының 60%-ы тиесілі.



Дүниежүзілік жүрек федерациясының мәліметтері бойынша, егер салауатты өмір салтын ұстанып, темекі шегу, тамақтану және дене қимылының белсенділігі бақыланатын болса инфаркт пен инсульттан болатын мезгілсіз өлімнің 80%-ның алдын алуға болады.



Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан немесе жоғары қан қысымы, қант диабеті, гиперлипидемия немесе дамып келе жатқан аурудың болған жағдайында мұндай аурулардың қаупі жоғары адамдар ерте анықтауды және кеңес беру арқылы, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді қабылдауды қажет етеді.



«Соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер арасында миокард инфарктісінің «жасаруының» тұрақты үрдісі байқалып отыр», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жоғары санатты кардиолог дәрігері Жұлдызай Егембаева. Заманауи диагностиканың деңгейі патологиялық процесс қайтымды және емделуге келетін жүрек-тамыр жүйесінің көптеген ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.



 



Жүрек ауруларын зерттеудің әдістері физикалық, зертханалық және аспаптық болып бөлінеді.



Дәрігердің бірінші қабылдауда орындайтын зерттеудің физикалық әдістеріне:



- тері және шырышты қабықтарды қарау; 



- пальпация – басып қарау;



-  перкуссия – соғып қарау;



- аускультация – тыңдау кіреді.



Қарапайымдылығына қарамастан, зерттеудің физикалық әдістері дәрігерге алдын ала диагноз қоюға, қажетті зертханалық және аппараттық зерттеулердің шеңберін анықтауға мүмкіндік береді.



 



Жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау кезінде зертханалық талдаулар жалпы клиникалық және арнайы болып бөлінеді.



Кардиологиялық бейіндегі патологияларды анықтауға арналған қан талдаулары жүрек пен тамырлар ауруларының даму қаупінің факторларын бағалауға, жүрек тамырларының ерте және жасырын зақымдануларын анықтауға мүмкіндік береді.



 



Зерттеудің аспаптық әдістеріне:



Электрокардиография (ЭКГ)



Холтер бойынша артериялық қан қысымын тәуліктік мониторингілеу



Эхокардиография



Жүрек және тамырлардың допплерлік зерттеуі



Ангиокардиография



 



Алматы қаласының Бостандық ауданы және оңтүстік-батыс бөлігінде тұратын пациенттерге қолайлы болуы үшін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы Пятницкий к-сі., 52 мекенжайы бойынша халыққа толық кардиологиялық көмекті ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Сіз мұнда:



- кардиологтың консультациясын;



- ЭКГ, ЭКГ холтер мониторингілеуін және артериялық қан қысымының тәуліктік мониторингілеуінің  түсіндірмесін;



- эхокардиография жасау (жүректің ульрадыбыстық зерттеуі);



- жүктеме сынамаларын жүргізу;



- плевра қуысының ульрадыбыстық зерттеуін жасай аласыз. 



 



Қабылдау: күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9:00 - 15:00 дейін. 8727-309-08-99 телефоны арқылы жазыла аласыз.