Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургиялық бөлімшесінде ересек тұрғындарға кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалады. 2023 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде 376 операция жасалды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда олардың саны айтарлықтай өсті.
Жасанды механикалық және биологиялық протездермен клапандарды протездеу, реконструктивті операциялар, жұмыс істеп тұрған жүрекке жасанды қан айналымын қолдана отырып, миокардты хирургиялық реваскуляризациялау операциясы жасалды. 5-6-7 санаттағы күрделі операциялар үлесі өсті, және де асқыну көрсеткіштері әлі де төмен деңгейде қалып отыр.
Қосымша патологиясы бар науқастар саны артты. Коронарлық артериялар мен жүректің клапан аппаратының қоса зақымдануымен миокард реваскуляризациясы және жүре пайда болған және туа біткен ақауларды түзету операциялары бір уақытта жасалады. Коронарлық артериялардың аралас зақымдануымен және жүрек ырғағының бұзылуымен қатар - миокард пен РЖА реваскуляризациясы немесе криоабляция жасалады. Клапан патологиясының және жүрек ырғағының бұзылуының қоса зақымдануымен - бір уақытта клапан патологиясын түзету мен РЖА немесе криоабляция жасалады.
Туа біткен ақаулармен жүрекше мен қарынша аралық перде ақауларының пластикасы, өкпе тамырларының ішінара қалыптан тыс дренажын түзету, клапандарды протездеу жасалады. Жүректегі ісіктер және қолқа аневризмалары сияқты жедел жағдайларда операциялар сәтті орындалды.
Миниинвазивті технологиямен операция жасалған пациенттердің саны артты, бұл жұрекше аралық қалқанша ақауының толық торакоскопиялық пластикасы, митральды және қолқа қақпақшаларын протездеу және пластикасы.
Шілде айында Алматыда алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды. Жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар науқастарда жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау бойынша операциялар жалғасуда.
2023 жылы жедел жүрек қызметі жеткіліксіздігінен кейін 3 пациентке ЭКМО жасалды. Үш науқас та аман-есен үйлеріне шығарылды.