2 типті қант диабеті біздің елде ғана емес, дүние жүзінде - денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі. Қант диабетімен ауыратындар санының тұрақты өсу жағдайында оның таралуын азайтуға бағытталған профилактикалық шараларға назар аудару қажет.
ҚД - созылмалы инфекциялық емес ауру. Диагностика мен емдеудегі жетістіктерге қарамастан, 2 типті ҚД - гипертония, диабеттік нейропатия, диабеттік ретинопатия және жүректің ишемиялық ауруы сияқты асқынулардың негізгі себебі.
Осыған байланысты тиімді және мақсатты профилактикалық араласулар туралы мәселе туындайды. Алғашқы медициналық көмек дәрігері 2 типті ҚД бастапқы профилактикасы үшін «кандидатты» қалай анықтайды? Ол үшін аурудың дамуының қауіп факторларымен танысу керек, оларды түрлендіруші және түрлендірмеуші факторлар деп бөлуге болады.
Түрлендірмеуші қауіп факторлары
Этникалық: бұл термин биологиялық, географиялық, мәдени, экономикалық, саяси және құқықтық факторлар кешенін қарастырады.
Отбасылық анамнез: зерттеу нәтижелері, анамнезінде 2 типті ҚД бар бірінші дәрежелі туыстықтағы туыстар оң отбасылық анамнезі жоқ адамдармен салыстырғанда аурудың даму қаупі 3 есе жоғары екенін көрсетеді.
Жасы мен жынысы: 45-49 жастағы ер адамдарда және әйелдерде де 2 типті ҚД таралуының өсуі байқалады.
Туу кезіндегі жоғары дене салмағы: бала туылған кездегі 4000 г асатын салмақ елімізде 2 типті ҚД бастапқы профилактикасының төмен бағаланған қауіп факторы болып табылады.
Түрлендіруші қауіп факторлары
Артық салмақ және семіздік: 2 типті ҚД таралуының артуы семіздік жағдайларының өсуімен анықталады. Семіздік эпидемиясы - жоғары калориялы тағамдарды шамадан тыс тұтынудың, физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігінің және отырықшы өмір салтын ұстанудың нәтижесі.
Гиподинамия: аптасына 150 минут тұрақты физикалық белсенділік 2 типті ҚД аурушаңдығын 58% - ға төмендетеді.
Темекі шегу: бірқатар зерттеулер темекі шегудің 2 типті ҚД даму қаупінің орташа жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті.
Диета: бірқатар зерттеулердің нәтижелері күнделікті рационда көмірсулар мен майлардың көп мөлшері 2 типті ҚД байланысын көрсетеді. Зерттеулер қантты тұтынудың жоғары деңгейі мен 2 типті ҚД дамуы арасындағы оң байланысты көрсетті.
«2006 жылдан бастап әлемде глюкозаға төзімділіктің бұзылуын және аш қарынға глюкозаның бұзылуын біріктіретін «преддиабет» термині қолданыла бастады, бұл 2 типті ҚД даму қаупінің факторы болып табылады. Қан глюкозасының деңгейін үнемі анықтау - 2 типті ҚД және жүрек-қан тамырлары асқынуларының алдын алудың қажетті шарты»,- деп атап өтті Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндокринология кафедрасының ассистенті Әсем Оспанова.
Дәрігердің айтуынша, аурудың бастапқы профилактикасына назар аудару керек. Профилактикалық және терапиялық буынның сабақтастығын, үздіксіз диспансерлеуді қамтамасыз ету қажет, оның негізгі міндеттерінің бірі - аурудың дамуын болдырмау, өмір сүру ұзақтығын ұзарту және сапасын арттыру үшін аурулардың, оның ішінде 2 типті ҚД қауіп факторларын түзету.