2024 жылы Консультациялық-диагностикалық орталыққа 15 109 пациент медициналық көмекке жүгінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға көп

2024 жылы Консультациялық-диагностикалық орталыққа 15 109  пациент медициналық көмекке жүгінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға көп

2024 жылы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының консультациялық - диагностикалық орталығына 15 109 пациент медициналық көмекке жүгінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1 616-ға, яғни 12%-ға көп (2023 жылы - 13493).

Пациенттер санының артуы дәрігерлер санының ұлғаюымен, диагностикалық қызметтердің (КТ, МРТ, функционалдық диагностика) қолжетімділігімен, сонымен қатар жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрі көрсетілуімен байланысты.

Жыл бойы орталыққа еліміздің барлық өңірлері: Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан, ШҚО, БҚО және басқа республикалардан келген тұрғындар медициналық көмекке жүгінді.

Сонымен қатар, келесі Сheck-up бағдарламалары жүргізіледі:

«Өз денсаулығыңыз бен жүрегіңізге қамқорлық жасаңыз»

«Гастроэнтерологиялық сheck-up»

«Неврологиялық сheck-up»

«Эндокринологиялық сheck-up»

«Ревматологиялық сheck-up»

«Пульмонологиялық сheck-up»