Қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мейрамы аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында қайырымдылық акциясы өтті

Қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мейрамы аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында қайырымдылық акциясы өтті

Қасиетті Рамазан айы бізді игі істерге, жақындарымызға қамқорлық жасауға шақырады және ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын дәріптейді.

Биылғы Наурыз мейрамы Рамазанмен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен ол қазақ халқының ұлттық мәдениетін, дәстүрлері мен рухани құндылықтарын бейнелейтін жаңа форматта өтуде. Мереке қоғам өмірінің мәдени және әлеуметтік аспектілерін қамтиды. Қайырымдылық жобаларына ерекше көңіл бөлінуде.

Осы екі атаулы дата аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші медицина қызметкерлер мен көмекші персоналға арналған қайырымдылық акциясы өтті. Олар шарубикелері, санитарлар, ас үй жұмысшылары, аула тазалаушылар, күзетшілер және т.б. Оларға азық-түлік әзірленді. Өз кезегінде олар институт басшылығына көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді. Мұндай акциялар институтта үнемі өткізіліп тұрады.

Қасиетті Рамазан айы мен жаңару және көктем мерекесі – Наурыз құт-береке әкелсін!