2024 жылы эндоскопия бөлімшесінде 3876 зерттеу жүргізді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 23,9%-ға артық (2023 ж. - 3126).
Олар: гастроскопия, колоноскопия, бронхоскопия, өңеш тамырларының варикозды кенеюін байлау, полипэктомия, бейнекапсулалық эндоскопия, эндоскопиялық гемостаз, баллонды энтероскопия, тоқ ішектің тарылуын баллонды кеңейту, биопсия, хеликобактериоздың диагностикасы.
2024 жылы жаңа инновациялық технологиялар енгізілді: эндоскопиялық ультрасонография (ЭУС, ЭндоУДЗ).