Бүгінгі таңда медицина үнемі дамып келеді, ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың жаңа әдістерін, инновациялық тәсілдерді ұсынады. Сондықтан әр дәрігер өз біліктілігін үнемі арттырып отыруы керек.
Осы тұрғыдан, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішектің қабыну аурулары, қысқа ішек синдромы және нутритивтік түзету мамандандырылған орталығының жетекшісі Иса Мұсатаев және Орталықтың гастроэнтеролог-дәрігері Жәния Қанаш Лёвен (Бельгия) қаласындағы Университеттік клиникада білімдерін жетілдірді. Бұл Бельгиядағы 1995 төсек-орындық ең ірі аурухана, онда 9000 қызметкер жұмыс істейді, құрамында 4 университеттік қалашық (кампус) бар. Пациенттерге жан-жақты білікті медициналық көмек ұсынылады, оның кәсіби деңгейі мен қауіпсіздігі өте жоғары. Бельгияда ҚІС емдеу үшін патогенетикалық терапия - тедуглутид препараты сәтті қолданылады. Ішектің бейімделуіне және парентеральды тамақтануға деген қажеттілікті төмендетуге ықпал ететін бұл препаратты Қазақстанда да қолдануға болады.
ІҚА, ҚІС және НТ мамандандырылған орталығы КІАҒЗИ базасында осы жылдың қараша айында ғана ашылғандықтан, тағылымдама барысында алынған тәжірибе ҚІС бар науқастарға мейіргерлік көмек көрсету көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл: гидробалансты есептеу бойынша кеңес беру, терапия қабылдау, мамандарға бару кестесі, пациентпен байланыс, оқыту. Пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру мақсатында практикаға парентеральды тамақтану үшін PICC (перифериялық түрде орнатылатын орталық веноздық катетер), сондай-ақ клиникалық нутрициолог-диетологты енгізу қажет; калориметрияны, биоимпендансометрияны сатып алу; күндізгі стационар жағдайында инфузиялық терапия кабинетінің жұмысын ұйымдастыру; пациент пен туыстарды үйде парентеральды тамақтануға, перифериялық белгіленген веноздық катетер күтіміне үйрету; ҚІС бар пациенттердің тіркелімін жасау және көпсалалы команданы құру қажет.
ІҚА, ҚІС және НТ жөніндегі мамандандырылған орталық білікті көмекке мұқтаж кез келген адам үшін ашық.
Қысқа ішек синдромы (ҚІС) - бұл өте сирек кездесетін және ауыр ауру, ол ересек тұрғындарда аш ішекке ауқымды операциядан кейін дамиды, оның қалдықтары 100 см-ден аз болуы мүмкін. Бұл созылмалы өмірге қауіп төндіретін жағдай адамдарды тұтынылатын тағамнан жеткілікті қоректік заттарды сіңіру қабілетінен айырады, сондықтан оларға парентеральды тамақтану - инфузиялық терапия қажет.