Кардиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, терапевт, диетолог, нутрициолог, жалпы практика дәрігерлерінің және т. б. мамандардың назарына 👩‍⚕️👨‍⚕️

Кардиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, терапевт, диетолог, нутрициолог, жалпы практика дәрігерлерінің және т. б. мамандардың назарына 👩‍⚕️👨‍⚕️

🌐 2025 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Метаболикалық синдром 2025: ХХІ ғасырдың жаһандық трендтері мен сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Метаболикалық синдром – қазіргі медицинадағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ол кардиология, эндокринология, гастроэнтерология және диетология сияқты әртүрлі медициналық мамандықтарда маңызды рөл атқарады. Бұл аурумен күресу үшін мультидисциплинарлық тәсіл және медицинаның әртүрлі салаларындағы мамандардың тығыз ынтымақтастығы қажет.

Қатысу форматы: гибридті (online/offline).

✅Конгресс жұмысы қазақ тіліне ілеспе аудармамен сүйемелденеді.

📝 Тіркеу: kaims.kz сайтында жүзеге асырылады

✅ Конференцияның оффлайн қатысушыларына тіркелгеннен кейін сертификаттар беріледі. Онлайн қатысушылардың сертификат алу шарттары сайтта жазылған.

📍Өтетін орны: Double Tree by Hilton Almaty қонақүйі, Досмұхамедов көшесі, 115, Алматы, Қазақстан

Іс-шараның басталуы:  сағат 09.00, тіркелу сағ.08.00-ден бастап.

Құрметпен,

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Қазақ ішкі медицина мамандарының қауымдастығы

Артериялық гипертония мамандары қоғамы