Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Шихэцзы университетінің (ҚХР)делегациясы келді

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Шихэцзы университетінің (ҚХР)делегациясы келді

6 желтоқсанда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Шихэцзы университетінің (ҚХР) Бірінші аурухананың урология бөлімінің бас дәрігері, партия комитетінің хатшысы Wang Qinzhang және стоматологиялық бөлімшенің бас дәрігері Zhou Zhen бастаған делегациясы келді.

Қонақтар қабылдау, сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия бөлімшелерінде, рентгенэндоваскулярлық оперблок және клиникалық-диагностикалық зертханада болды.

Басқарма төрағасы Марат Пашимов ҒЗИ қызметімен қысқаша таныстырды. Ол КІАҒЗИ еліміздің барлық өңірлерінен келетін күрделі аурулары бар пациенттер емделетін төртінші деңгейдегі клиника екенін атап өтті. Институтта әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтар орнатылған. Бұл толық кардиопакеті және 3d бейнелеуі бар премиум-класты КТ аппараты; жетілдірілген эхокардиография және қан тамырларын зерттеу мүмкіндігі бар премиум диагностиканың жаңа буынды ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі; диагностикаға арналған «Phadia 250» автоматты ИХЛ-анализаторы.

Клиниканың бірінші басшысы кардиохирургиялық бөлімшеде кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалатынын айтып өтті. V–VII санаттағы күрделі операциялар жасалады. Олар жағдайдың ауырлығын ескере отырып, басқа орталықтарда операциядан бас тартылған науқастарға жасалады. Алматыда бірінші болып ҒЗИ мамандары донорлық жүрек трансплантациясын жасады.

Рентгенэндоваскулярлық оперблокта TAVI және сол сияқты т.б жоғары технологиялық кардиологиялық операциялар сәтті жүргізілуде.

Делегация мүшелері көргендеріне тәнті болды. Тараптар ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді. Қонақтар құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

 С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ мен Шихэцзы университеті медициналық бағыт бойынша тағылымдамадан өтушілерді өзара қабылдау және стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойғанын атап өткен жөн.

Шихэцзи университеті - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы жетекші білім беру және ғылыми орталықтардың бірі. Ол клиникалық медицина, фармакология және дәстүрлі қытай медицинасы саласындағы озық зерттеулерді қамтитын медициналық бағытымен танымал.