Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты семинар өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты семинар өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті. Институттың комплаенс қызметі үйымдастырған семинардың негізгі мақсаты - ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинарға лектор ретінде Алматы қалалық сотының судьясы Светлана Яковлева шақырылды. Светлана Васильевна қылмыстық жауапкершілікке тартылу себептері, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, мүлікті тәркілеу, бас бостандығынан шектеу немесе айыру және т.б. сол сияқты жазалардың түрлері туралы айтып берді. Ол қылмыстық құқық бұзушылықтарға мысал келтіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай семинарлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, прокуратура органдарының және т.б. мекеме өкілдері шақырылып, ұжымда тоқсан сайын өткізілетін болады.