Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «ГИБП-мен аутоиммунды ауруларды емдеудің тиімділігі мен инфекциялық қауіпсіздігінің өзекті аспектілері» шеберлік класы өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «ГИБП-мен аутоиммунды ауруларды емдеудің тиімділігі мен инфекциялық қауіпсіздігінің өзекті аспектілері» шеберлік класы өтті

Ғылым қызметкерлері күні аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Гастроэнтерология және ревматологиядағы гендік-инженерлік биологиялық препараттармен аутоиммунды ауруларды емдеудің тиімділігі мен инфекциялық қауіпсіздігінің өзекті аспектілері» шеберлік класы өтті. Іс-шараның мақсаты гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолдану кезінде гастроэнтерология мен ревматологияда жиі кездесетін аутоиммунды ауруларды емдеу және инфекциялық бақылау саласындағы гастроэнтеролог, ревматолог, терапевт, жалпы практика дәрігерлерінің білімін арттыру болды.

Институттың Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Джамиля Кайбуллаева қатысушыларды ішектің қабыну аурулары кезінде биологиялық терапияны қолдану тәжірибесімен таныстырып, мамандардың назарын қауіпсіздікке аударды. ҒЗИ және С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедраларының профессоры, институттың жетекші ревматолог консультанты Ольга Машкунова «Скрининг және ревматологияда ГИБТ қолдану кезінде инфекциялық қауіптердің алдын алу» тақырыбында сөз сөйледі.

С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Анар Ракишева биологиялық терапия алатын пациенттерді фтизиатриялық сүйемелдеу туралы айтты. Спикерлер мамандарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер тәжірибені практикаға енгізу үшін тәжірибелі сарапшылардан кеңес алды. Мұндай шеберлік кластары қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, білім мен практиканың жаңа салаларына қосылуға ықпал етеді.

Гастроэнтерология саласының жетекші маманы Джамиля Қайбуллаеваның және ревматологияның жетекші маманы Ольга Машкунованың басшылығымен көп жылдар бойы КІАҒЗИ мамандары республиканың түкпір-түкпірінен аутоиммунды патологиясы бар пациенттер үшін гендік-инженерлік (биологиялық) терапияны қолдана отырып, емдеудің инновациялық және заманауи әдістерін енгізіп келеді. Бұл терапияның сәттілігінің негізгі факторы жеткілікті біліктілігі мен биотерапияны қолдану тәжірибесі бар дәрігерлердің пациенттерді бақылауы болып табылатындығын атап өткен жөн, өйткені терапияны дұрыс тағайындамау, препараттың қауіпсіздігін бақыламау және тағайындалған режимдерді сақтамау пациенттерде аллергиялық реакциялардың даму және жағдайдың нашарлау қаупі артады.