Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында ультрадыбыстық диагностика дәрігерлеріне арналған семинар өтті

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында  ультрадыбыстық диагностика дәрігерлеріне арналған семинар өтті

18 сәуірде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында  GE HealthCare клиникалық оқыту бойынша жетекші маманы Светлана Колташованың қатысуымен «Жүрек дисфункциясын ерте анықтау әдісі ретінде миокард деформациясын (стрейн) бағалау. Екі өлшемді спекл трекинг» семинары өтті. Тәжірибелік сабаққа ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері қатысты.

Семинарға қатысушылар миокард деформациясын бағалау әдістерімен және бағалау құралдарымен, спекл - тренинг алгоритмінің негіздерімен танысты. Спикер сонымен қатар сол жақ қарыншаның деформациясын бағалауда жасанды интеллектіні қолдану жөнінде айтып өтті. Осы құралдарды пайдалана отырып, практикалық сабақтар өткізілді, клиникалық практикада қолдану мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта эхокардиография диагностиканың жоғары ақпараттық әдісіне айналуда, жүрек ауруларын диагностикалау және динамикалық бақылау үшін жүрек бейнелеуінде кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары жүрек камераларының деформациясын (стрейн) талдауды қолдануға қызығушылық артты, өйткені бұл миокард функциясын бағалауға арналған жүректің сезімтал параметрі.

Сол жақ қарыншаның бойлық деформациясын зерттеу уақыты деректерді алу мен талдауды қосқанда 7-10 минуттан аспайды, ал жасанды интеллект технологияларын қолданумен кейінгі өңдеу (талдау) уақыты орта есеппен 20 секундқа дейін азаяды. Эхокардиография технологияларын түсіну, соның ішінде стандартталған деректерді алу, кескінді өңдеу және сандық талдау процесі нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Деректерді өңдеу алгоритмдерін білу мамандардың жоғары диагностикалық және болжамдық маңызы бар құралға бейілділігін дамытуға көмектеседі. Диагностикалық әдісті оңтайлы қолдану– талдаудың ақпараттылығына қандай факторлар әсер ететінін нақты түсінуді қажет етеді. Мұндай түсініктің болмауы  деформация нәтижелерін қате түсіндіруге әкелуі мүмкін. Кескіндердің дұрыс болмауына, одан әрі өңдеуге байланысты деформация көрсеткіштерінің динамикасы жалған оң немесе жалған теріс болуы мүмкін.