Біздің клиникада Еуропалық липидті клиникалар желісіне (EAS Lipid Clinic Network) кіретін Липидтер алмасуының бұзылуы орталығы (дислипидемия кабинеті) жұмыс істей бастады. Мұнда пациенттер жоғары холестеринді және онымен байланысты ауруларды, соның ішінде атеросклерозды диагностикалау мен емдеуден өтуіне болады.
Дислипидемия – атеросклероз, инфаркт пен инсульттің асқынуының негізгі факторларының бірі.
Орталыққа жоғары холестерин немесе қан тамырларының атеросклерозы анықталған, стенттеу немесе шунттау жасалған пациенттер, сондай-ақ инфаркт немесе инсульт алған науқастар жүгіне алады.
Қауіпті топтағы адамдарға холестеринге баса назар аудару керек: артериялық гипертония, қант диабеті, алкогольсіз бауырды май басу, созылмалы бүйрек ауруы және семіздік. Сондай-ақ, инфаркт, инсульт, тамырларды стенттеу немесе шунттау жасалған науқастардың туыстарына тексеру ұсынылады, өйткені оларда липидтер алмасуының бұзылуына тұқым қуалайтын бейімділік болуы мүмкін.
Қабылдауды сертификатталған кардиолог-липидолог жүргізеді, ол жеке қауіпті бағалайды, тиімді емдеуді таңдайды және тамақтану мен өмір салты бойынша ұсыныстар береді. Липидтер алмасуын бақылаудың кешенді тәсілі жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Орталық Қазақстан атеросклероз қоғамының қолдауымен ҚР ДСМ қан айналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі жол картасы аясында ашылды.
Қабылдауға Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының колл-орталығы +7 (727) 233-00-61, +7 (727) 267-68-34, +7 700 033-00-61 телефондары арқылы жазылуға болады.
Өз денсаулығыңызға уақытында қамқорлық жасаңыз – липидтер алмасуын бақылау қауіпті азайтуға және жүрек пен қан тамырларының саулығын сақтауға көмектеседі!