Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жасалатын кардиохирургиялық операциялардың 90% - ы күрделі

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жасалатын кардиохирургиялық операциялардың 90% - ы күрделі

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалады. Еліміздің ең тәжірибелі кардиохирургтар командаларының бірі Қазақстанның әр өңірінен және жақын шет елдерден келген пациенттерге көмек көрсетеді.

Мол тәжірибе бұрын жасалмаған кардиохирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік береді, 5-6-7 күрделілік санатындағы операциялардың үлесі өсті, жүргізілетін операциялардың 90% - ы күрделі, олар: жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) имплантациялау, жұмыс істеп тұрған жүректегі миокардтың хирургиялық реваскуляризациясы (күрделіліктің 5 санаты), митральды және қолқа қақпақшаларының пластикасы, қолқа доғасының протездеуі (күрделіліктің 6 санаты) және басқалары.

Мұндай операциялар дәрігерлердің кәсіби деңгейінің және мамандандырылған жабдықтар мен құралдардың болуының арқасында жасалады. Хирургтардың жоғары біліктілігі жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

83 жастағы науқасқа жедел инсульт пен инфаркт жағдайында жүрек тамырларының ауыр зақымдануын, 2 типті қант диабеті сияқты ауруларын ескере отырып, өмірлік көрсеткіштер бойынша «Heart team» командасы жұмыс істеп тұрған жүрекке шунттау арқылы миокард реваскуляризациясын жүргізу туралы шешім қабылдады. Науқас кеудедегі ауырсыну, ентігу, жалпы әлсіздігіне шағымданды. Операциядан кейінгі жағдайы тұрақты. Қазір клиниканың кардиология және оңалту бөлімшесінде оңалтудан өтуде.

Алматы облысынан келген 56 жастағы пациент жүрек ақауынан, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігінен, жүрекше фибрилляциясынан зардап шекті. Сонымен қатар науқас созылмалы обстуктивті өкпе ауруына, 2 типті қант диабетіне, 3 дәрежелі семіздікке шалдыққан. Тұқым қуалаушылық – әкесі миокард инфарктіне шалдыққан. Ол орташа физикалық жүктемеде ентігу, жалпы әлсіздік, шырышты қабықтың бөлінетін қақырықты дымқыл жөтелге шағымданды. Хирургиялық араласу: қолқа клапанының пластикасы және қолқа доғасын протездеу сәтті жүргізілді.

Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінеді. Қазір институтта кардиологиялық оңалту және қалпына келтіру емін қабылдауда. Айта кету керек, күрделі ашық жүрек операциясынан және көрсеткіштерді қалпына келтіргеннен кейін клиниканың пациенттері үйге шығарылмайды, қалпына келтіру және қалыпты өмірге оралу үшін оңалту бөлімшесіне ауыстырылады. Осы кезеңдерден өткеннен кейін де пациенттер бір айдан кейін оңалтудың 2-ші кезеңіне жатқызылады.