С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және ҚР кардиологтар қауымдастығы Сіздерді 2024 жылғы 6-7 маусымда өтетін Қазақстан кардиологтарының XVI съезіне қатысуға шақырады.
Өткізілетін формат: гибридті (офлайн/онлайн).
? Өтетін орны: Rixos Almaty, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506
Тіркелу сілтеме арқылы: ➡️https://cardio-assoc.kz/
Бірге өткізетін екі күн ішінде бізді мазмұнды ғылыми бағдарлама күтіп тұр ?
Қазақстандық және халықаралық спикерлердің баяндамаларын тыңдауға мүмкіндік аласыздар?
?Біз жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеу бойынша соңғы клиникалық нұсқауларды талқылаймыз.
?Қатысушылар конгрестің барлық ғылыми сессияларына белсенді қатысуға мүмкіндік алады:
?Қазақстан кардиологтар қауымдастығы мен Еуропалық кардиология қоғамының (ESC) бірлескен отырысы
?Артериалдық гипертония мен кардиоваскулярлық профилактика мамандарының қоғамымен бірлескен сессия
?ҰКҒО созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қоғамымен бірлескен сессия
?«Балалардағы жүрек және қан тамырлары патологиясын диагностикалау және емдеудегі қиындықтар» ғылыми сессиясы
?Жас ғалымдар байқауы
?Резиденттер байқауы.