Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Басқарма төрағасының орынбасары Жамиля Қайбуллаева Дүниежүзілік мейіргерлер күні аясында институттың үздік мейіргерлеріне кәсіподақ ұйымы атынан Құрмет грамоталарын табыс етті.
Мейіргерлер Сайдам Азизова, Индира Медеуова, Индира Ермағанбетова, Баян Омарова, Баян Уалиева, Сымбат Қайыпбаева, Дилара Шунаева, Фарух Шаудинов, Райым Тейіп Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жамила Ахтанқызы мейіргерлерге ұлт денсаулығын сақтауға қосқан үлесі және кәсіби шеберлігі мен жұмыстарына деген адалдығы үшін алғыс білдірді.