КІАҒЗИ дәрігерлері Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы әріптестеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті

КІАҒЗИ дәрігерлері Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы әріптестеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші мамандары Басқарма төрағасы Марат Пашимовтың басшылығымен Түркістан облысы Ордабасы ауданының Орталық аудандық ауруханасының дәрігерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек, сондай-ақ тұрғындарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті.

Кардиологиялық, гепатологиялық және нефрологиялық бейіндегі 334 пациент 2 күн ішінде алматылық мамандардың: жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт және №1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі, гепатолог дәрігер Балжан Нұғманованың, сондай-ақ кардиохирург, кардиолог, нефролог, УДЗ диагностика дәрігерлерінің қабылдауында болды. Ауыр жағдайдағы пациенттерге ҒЗИ жағдайында емделуге кеңес берілді.