КІАҒЗИ мамандары ішектің қабыну аурулары бар науқастарға қалай көмектеседі

КІАҒЗИ мамандары ішектің қабыну аурулары бар науқастарға қалай көмектеседі

Ойық жаралы колит және Крон ауруы сияқты ішектің қабыну аурулары (IҚА) -пациенттердің өмір сапасына әсер ететін ең ауыр созылмалы, аутоиммунды аурулардың бірі. Тұрақты ауырсыну, диарея, ағзаның әлсіреуі - мұндай науқастар кездесетін проблемалардың аз ғана бөлігі. Бірақ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ пациенттерінің тарихы кәсіби көмек нәтижелі болатынын көрсетеді. Гастроэнтерологтар командасы: Жамила Қайбуллаева, Иса Мұсатаев және жас резидент дәрігер Әйгерім Сарбаева кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Марина С., Крон ауруы диагнозымен ауыр жағдайда көмекке жүгінді. Ол үнемі іштің ауырсынуын, қанмен бірге жүретін дәретке жиі баруды бастан кешірді. ҒЗИ дәрігерлері мұқият тексеру жүргізіп, аурудың сатысы мен сипатын дәл анықтай алды.

2 жыл бұрын Джульеттаға ойық жаралы колит диагнозы қойылған. Оны қатты ауырсыну мен қан кету мазалаған, күн сайын дене қызуы көтеріліп, 15 кг салмағын жоғалтқан. Ауру салдарынан ревматоидты артрит дамып, тіпті сүйектері де ауырған. Оған Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ - ІҚА бойынша жетекші маман, басқарма төрағасының орынбасары Жамила Қайбуллаеваға жүгіну ұсынылған.

Джульетта емдеу курсын өтті. Қазір аурудың тұрақты ремиссиясы байқалады. Дұрыс таңдалған кешенді және қарқынды терапия бір апта ішінде оның жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Емдеудің негізгі кезеңдерінің бірі глюкокортикостероидтарды қолдану болды. Бұл препараттар ІҚА өршуімен күресуде тиімді екенін дәлелдеді. Негізгі терапия мұқият таңдалды. Науқастардың эмоционалды жағдайына ерекше назар аударылды. Дәрігерлер оларға емдеудің әр кезеңін түсіндіріп, қалпына келуге көмектесті.

«Біздің институт - асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар науқастарға көмек көрсету бойынша жетекші республикалық орталық. Диагностиканың заманауи технологиялары мен терапияның үлкен арсеналының болуы пациенттерге емдеу және оңалту қызметтерінің толық спектрін алуға мүмкіндік береді. Біз әрбір пациентке сапалы көмек пен толыққанды өмірге оралу үшін қажетті қолдау көрсетуге тырысамыз», - дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Марина: «Мен үнемі осылай ауырсыну, әлсіздік болады деп ойладым. Бұл жерде екі күннің ішінде мені аяғыма тұрғызды. Мен ұйқысыз түндер мен барлық қорқынышты ұмытып кеттім. Клиниканың барлық дәрігерлеріне денсаулық және олардың игі істеріне табыс тілеймін».

Джульеттаның да институт басшылығына қолайлы жағдайлар үшін, дәрігерлерге кәсіби шеберлігі және де өз денсаулығының жақсарғаны үшін алғысы шексіз. «Мен қазір өз салмағыма оралдым», - дейді ол. Адамдардың игілігіне атқарып жүрген еңбектері үшін рақмет!