КІАҒЗИ мамандары Мәскеуде акад. В.Шумаков ат. Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу медицина орталығында білімдерін жетілдірді

КІАҒЗИ мамандары Мәскеуде акад. В.Шумаков ат. Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу медицина  орталығында білімдерін жетілдірді

Медицина – үздіксіз даму және жетілдіру саласы, ал кәсіби өсудің негізгі элементтерінің бірі - жетекші медициналық орталықтарда тәжірибелі мамандардан білім алу. Жақын және алыс шет елдердің клиникаларындағы тағылымдамалар пациенттерді емдеуде озық және инновациялық тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді. Дәрігер үшін үздіксіз білімін жетілдіру маңызды, өйткені әрбір оқу, тәжірибе алмасу – пациенттердің денсаулығына салынған инвестиция.

Осыған байланысты, акад. В.Шумаков ат. Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу медицина орталығы мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ арасындағы Органдар трансплантациясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, институт мамандары Ресейдің Мәскеу қаласында білімдерін жетілдірді. Анестезиологиялық қызметтің басшысы Михаил Воронцов, Рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесников, кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Әсемгүл Амантаева, кардиолог Әсел Ілиясова, кардиохирург Ғалымжан Сұлтанов, кардиохирургия бөлімшесінің перфузист мейіргері Мерей Сапашев, АРҚТБ және кардиохирургия бөлімшесінің мейіргерлері Оксана Лакисова және Жансая Серікбай тағылымдамадан өтті.

Әр маман бейінді бөлімшелерде, интевенциялық кардиологтар – диагностика мен емдеудің рентгенохирургиялық әдістері бөлімшесінде, кардиохирургтар - кардиохирургия бөлімшесінде, кардиологтар – кардиология, анестезиологтар-анестезиология және реанимация бөлімшесінде тағылымдамадан өтті.

Акад. В.Шумаков ат. Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу медицина орталығында бүгінгі күнге дейін 275 жүрек трансплантациясы жасалған, сонымен қатар жыл сайын ашық жүрекке 2000-нан 2500 мыңға дейін операция жасалады.

Жүрек трансплантациясы - бұл ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мамандардың ең жоғары біліктілігін қажет ететін операция. Бүгінгі таңда созылмалы жүрек қызметі жеткіліксіздігін емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Қазақстанда донорлық жүректі күту тізімінде 138 пациент, оның ішінде 5 бала бар.

Ресей Федерациясының заңдары бойынша туыстарының органдарды алуға келісімі қажет емес. Донорлық стационардың кезекші дәрігері Мәскеудегі орган донорлығын үйлестіру орталығына әлеуетті донордың бар екендігі туралы хабарлайды. Орталық мамандары донорды органдарды алуға дайындаумен айналысады.

Шумаков орталығында жылына 250-ге дейін ЭКМО процедурасы орындалады, бұл бір Орталықта жасалатын процедуралардың ТМД-ғы ең көп саны.

Бүгінгі таңда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында диагностикалық және емдік жабдықтармен жарақтандыруы жүрек трансплантациясын, күрделілігі жоғары деңгейдегі операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүрек трансплантациясына балама болып табылатын LVAD ( жүректің жасанды сол жақ қарыншасы) имплантациялау операциясы кезінде және одан кейін қан айналымын қолдау үшін ЭКМО әдістері қолданылады.