КІАҒЗИ мамандары тұрақты негізде біліктілігін арттырып отырады

КІАҒЗИ мамандары тұрақты негізде біліктілігін арттырып отырады

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы дәрігерлердің кәсіби өсуіне қажетті жағдай жасайды. Институт мамандары жақын және алыс шет елдерде тұрақты негізде біліктілігін арттырып отырады.

Осы тұрғыда, подиатр дәрігер, хирург Тимур Екібаев Мәскеу қаласындағы Эндокринология ғылыми орталығында білімін жетілдірді. Онда диабеттік аяқ бөлімшесінде аяқтың зақымдануын диагностикалау және емдеу бағдарламаларымен, қант диабеті кезінде аяқтың жараларын емдеуге қол жеткізуге, гангренаның даму қаупін азайтуға және ампутацияның алдын алуға мүмкіндік беретін технологиялармен танысты. Сүйек-буынға күрделі реконструктивті араласулардың қалай жасалатынын, бөлімшенің жабдықталуын және т.б. көрді.

Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар санының тұрақты өсуін, қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, өмір сүру сапасын арттыру, мүгедектікті азайту және аяқ-қол ампутациясының алдын алу мақсатында 2024 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де Диабеттік табан кабинеті ашылды, онда оқытылған медперсонал пациенттің аяғын подиатриялық тексеріп-қараудың жаңа тәсілін әзірлеп, қолдануда, диагностиканың заманауи әдістері қолданылады, диабеттік аяқтың әртүрлі кезеңдері үшін кешенді емдеу алгоритмдері енгізілді және операциядан кейін пациенттерді оңалту бағдарламалары енгізілуде. Мамандар аяқтың электронейромиографиясын және ульрадыбыстық допплерография, компьютерлік бароподометрияны жасайды, подиатриялық күтім, трофикалық жараларды емдеу, аурудың барлық кезеңдерінде пациенттерді бақылау, ортопедиялық бұйымдары мен құрылғыларын таңдау және т.б. жұмыстарды жүргізеді.