М.Николаев ат. Ұлттық медицина орталығының №1 Республикалық ауруханасының делегациясы (Якутия) КІАҒЗИ-да болды

  М.Николаев ат. Ұлттық медицина орталығының №1 Республикалық ауруханасының делегациясы (Якутия) КІАҒЗИ-да болды

24 ақпанда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Саха Республикасы (Якутия) М.Николаев атындағы Ұлттық медицина орталығының №1 Республикалық ауруханасының бас директоры М. Станислав Жирков бастаған делегация келді.  

            Басқарма төрағасы Марат Пашимов төртінші деңгейлі клиника болып саналатын институттың қызметімен таныстырып, 90 пайызы 5-7 күрделілік санатындағы операцияларға тоқталды. Олар: жүрек трансплантациясы, LVAD имплантациясы, ТАВИ, жүрек тамырларын кешенді стенттеудің барлық түрлері және т.б.

            Ол аутоиммунды патологиялардың және аллергияның барлық түрлерінің диагностикасы, қалқанша безінің қатерсіз түйіндерінің радиожиілік аблациясы, халықаралық ынтымақтастық, резидентураның білім беру бағдарламалары, медициналық жабдықтар туралы, сондай-ақ, 2024 жылы институт JCI халықаралық аккредиттеуден қайта өткені, Ұлттық аккредитацияның жоғары санатын тағы да растағаны туралы айтып берді.

            Өз кезегінде М.Николаев атындағы Ұлттық медицина орталығының №1 республикалық ауруханасының бірінші басшысы орталықтың республика халқына көрсетіп жатқан медициналық көмегі, жаңа технологиялар, ғылыми қызметі, жетістіктері туралы әңгімеледі.

            Қонақтар қабылдау, сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия бөлімшелерін, рентгенэндоваскулярлық операциялық блокты, консультативтік-диагностикалық орталық пен клиникалық диагностикалық зертхананы аралады. Қонақтарға халықаралық стандарттарға сай заманауи жабдықтар көрсетілді. Олар көргендеріне тәнті болды.