Профессор А.Коморидің Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына сапары аясында науқасқа бауыр биопсиясы процедурасы жүргізілді.
Бауыр биопсиясы - диагностиканың ең ақпараттық әдістерінің бірі, ол аутоиммунды гепатит, бауырды май басу ауруы, цирроз сияқты ауруларда бауырдың зақымдану дәрежесін нақты анықтауға, сондай-ақ терапияның тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда бұл процедура тек бірнеше клиникада, соның ішінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жүргізіледі.
Профессор Комори біздің еліміздегі бауыр патологиясын диагностикалау деңгейі шетелдік клиникалар деңгейінде екенін атап өтті.