? Сіздерде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ резидентурасына пульмонология мамандығы бойынша (ересектер, балалар, оқу мерзімі – 2 жыл) оқуға түсудің бірегей мүмкіндігі бар, пульмонология - COVID-19 пандемиясынан кейін ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі.
КІАҒЗИ - отандық медицинаның флагманы, мұнда:
✅алғаш рет ішкі ағзалардың аурулары бар ауыр науқастарға биологиялық препараттармен терапияны қолдану басталды және сәтті жүргізілуде,
✅Республикалық орфандық аурулар орталығы жұмыс жасайды,
✅пульмонология, аллергология және ішкі медицинаның басқа да салалары бойынша инновациялық зерттеулер жүргізілуде.
Сіздер ӨСОА, бронх демікпесі, пневмония, өкпенің интерстициальды аурулары, муковисцидоз және басқа тыныс алу аурулары бар науқастарды:
?⚕️ еліміздің жетекші пульмонологы, м.ғ.д., профессор Сауле Лайыққызы Қасенованың,
?⚕️ пульмонолог Жадил Аида Дуйсенқызының,
?⚕️ №2 терапия бөлімшесі дәрігерлерінің,
?⚕️ Жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіптік және қосымша білім беру департаментінің кафедра қызметкерлерінің басшылығымен пациенттерді басқару дағдыларына үйренесіз.
? Аралас мамандықтар бойынша білім аласыз және дағдыларды меңгересіз.
? ҒЗИ-да бар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи диагностикалық жабдықтар пациенттерді толық тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жоғары ажыратымдылықтағы компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, спирография, қабыну маркерлерінің, аллергия, коагулопатияның зертханалық диагностикасы және т.б. зерттеулер.
? Біз сіздерді күтеміз!
Барлық сұрақтар бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіптік және қосымша білім департаментіне жауапты хатшы Бүркітбаева Гүлмира Навирдинқызына жүгіне аласыздар:
??: +7(727)2330022, +7(777)234 26 37, е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
? Алматы қ., Әйтеке би к., 120/25, 428 каб.