Сәулелік диагностика дәрігері үнемі білімін жетілдіріп, дамытып, дағдыларын кеңейтіп, сәулелік диагностиканың жаңа бағыттарын игеріп, кәсіби шеберлігін арттырып отыруы керек.
Осы тұрғыда, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы рентгенолог дәрігер Дмитрий Гебельді тәжірибе алмасу үшін Астана қаласына Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасына жіберді.
Оқу барысында дәрігер іш қуысы мүшелерінің, оның ішінде цирроз, метастаз және бауырда басқа да түзілімдері бар пациенттерге контраст енгізе отырып, 200-ге жуық МРТ зерттеулеріне қатысты, МР-энтерография жүргізу кезінде-аш ішектің карциномасы мен полиптерін зерттеуге, кейстерді талқылауға қатысты. Пациентті тексеруге дайындау, қолданылатын ерітінді түрлері, контраст алдында енгізілетін спазмолитик түрі және т.б. танысты.
Мұндай тәжірибе алмасу мамандардың кәсіби білімінің сапасы мен құзыреттілігін, сондай-ақ пациенттерді тексеру мен емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.