«16 желтоқсан - еліміздің тарихындағы маңызды кезең. Қазақстан Тәуелсіздігінің мәртебесі біз үшін ерекше құнды. Осы барша қазақстандықтар үшін айтулы күні құрметке лайық еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге зор денсаулық және кәсіби табыс тілеймін. Шаңырақтарыңызда әрқашан татулық, ынтымақ, келісім мен өзара түсіністік орнасын! Еліміз дамып, көркейе берсін!», - деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
Бүгін хирургиялық қызметтің жетекшісі, кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев пен рентгенендоваскулярлық операциялық блоктың меңгерушісі Алексей Колесников «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Санжар Асфендияровтың туғанына 135 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Рүстем Мұхтарұлы - Қазақстан мен Орталық Азияда төс сүйегі кесілмей жүрекке жасалатын мининвазивті операциялардың негізін қалаушылардың бірі. Қолқа тамырына, жүрек қақпақшаларына, гипертрофиялық кардиомиопатияға жасалатын операциялардың өзіндік модификацияларын жасауға патенттері бар. Алексей Евгеньевич - республиканың жетекші интервенциялық кардиологтарының бірі. Оның коронарлық арнаның күрделі зақымданулары кезінде жүрек тамырларына стент қою, TAVI және т.б. операцияларды жасауда тәжірибесі мол.
Біз әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!