Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың кәсіби өсуіне ерекше көңіл бөледі, өйткені жаңа технологиялар мен емдеу әдістерін енгізу мамандардан үнемі білімдерін жетілдіру мен дамуды талап етеді. Білімді арттыру мен құнды тәжірибе алудың тамаша тәсілдерінің бірі - әлемнің жетекші клиникаларында тағылымдамадан өту.
Осы тұрғыда, сәулелік диагностика бөлімшесінің рентгенолог дәрігері Анель Асылбекова Гонконг университетінде (Қытай) білімін жетілдірді. 1911 жылы құрылған университет әлемдік рейтингте 17-орында, ал Азия рейтингінде 2 - орында.
Кардиологтар мен радиологтар онда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, МРТ зертханашыларын оқытуға арналған арнайы бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуда. Оқу курсы барысында дәрігер МРТ аппаратында –«пациенттерді» - еріктілерді зерттеуге: стресс МРТ, стресс емес МРТ, туа біткен жүрек ақаулары кезіндегі МРТ және т. б. процедураларына қатысты.
Тағылымдама практикалық тәжірибе алуға, білімді арттыруға және озық әдістер мен жабдықтарды игеруге ықпал етеді, ал бұл мамандарға пациенттеріне сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Клиникада T1 параметрлік карталарын енгізу - еріктілерді сканерлеу қалыпты анықтамалық мәндерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс миокардтың тыртықты өзгерістері, миокардит және т.б. аурулары бар пациенттерді сканерлеу үшін енгізіледі. Жұмыс станциясының орнына жүректің КТ/МРТ талдау бағдарламасын енгізуді қарастыру маңызды.