«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында КІАҒЗИ ұжымы сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында КІАҒЗИ ұжымы сенбілікке шықты

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы сүйікті қаламызды санитарлық тазарту және абаттандыру мақсатында сенбілікке шықты. Институт аумағы ғана емес, Әйтеке би, Масаншы және Қазыбек би көшелері де тазартылды.

Жылы ауа-райы да жақсы көңіл-күй мен жұмысқа деген ынтамызға ықпал етті.

Бұл бір реттік науқан емес, ұжым тұрақты түрде қаланы тазартуға белсенді атсалысатынын айта кеткен жөн.

Әрине, мұндай іс-шаралар бізге үлкен ұжымның бір бөлігі болуға мүмкіндік береді, әріптестерді одан әрі біріктіреді, ұйымшылдығымыз артады, сондай-ақ біз өте жақсы көретін және өзіміз жұмыс істейтін қаланың имиджін нығайтады.

Сенбіліктің ерекшелігі - бүкіл ұжым мүшелерінің белсенді қатысуы. Өйткені, сенбілік - бұл аумақты тазарту ғана емес, сонымен бірге жылы қарым-қатынас, тамаша көңіл-күй, жағымды эмоциялар.