🌟 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметкерлері мен зерттеу ұжымдарының назарына 🌟
📅 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ институт қызметкерлері мен зерттеу ұжымдарын медицина және денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау үшін гранттар конкурсына өтінім беруге шақырады.
Гранттық зерттеулерді іске асыру мерзімі: 24 - 36 ай. Грант институттың өз қаражатынан қаржыландырылады.
Конкурстың мақсаты:
✅ институттық ғылымды дамытуға ықпал ету;
✅ ғылыми-зерттеу саясатының инновациялық негізін құру;
✅ ғылыми жұмыс нәтижелерінің экономикалық тиімділігімен (жоғары коммерциялық бәсекеге қабілеттілік, инвестициялық қызығушылық, маркетингтік зерттеулердің болуы) жаңа перспективалы ғылыми бағыттарды дамыту.
Конкурс 4 кезеңде өткізіледі:
✅I кезең - өтінімдерді қабылдау және алғашқы техникалық сараптама жүргізу;
✅II кезең - Сараптама комиссиясының өтінімдерді қарауы, оның нәтижелері бойынша сараптамалық бағалау және қаржылық қорытынды беріледі;
✅III кезең - Ғылыми кеңестің шешімі негізінде гранттар беру туралы алдын ала шешім қабылдау;
✅IV кезең - Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Институттың Басқарма отырысында гранттар беру туралы түпкілікті шешім қабылданады.
Әлеуетті орындаушы келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
✅Зерттеу жүргізуде кәсіби біліктілігінің, жұмыс тәжірибесінің болуы;
✅Жоба бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының болуы.
👩⚕️Өтінімдер қағаз жеткізгіште 2 данада КІАҒЗИ ғылыми зерттеулер менеджменті бөліміне 2025 жылғы 31 наурызға дейін тапсырылады, 420 каб., эл. пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., 📞272-58-70 (Әйтеке би көшесі, 120).
✅Конкурстың тәртібі мен ұйымдастырылуымен, конкурстық құжаттаманың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптармен, конкурстың шарттарымен институттың сайтында ҒЫЛЫМ тарауында танысуға болады.